Атырау, 1 қазан 09:11
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 25 адамға сот үкімі шықты

972 просмотра

Алматыда қаңтар оқиғасының 25 қатысушысына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Істі Бостандық ауданының №2 аудандық соты қарады. Сот тергеуі барысында сотталушылардың 4-5 қаңтар аралығында қаланың әр жерінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны анықталды:

  • тұрғын, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемдегі ұрлық жасаған;
  • ірі залал келтіріп, автокөліктерді ұрлаған;
  • қауiптi өндiрiстiк нысанның, сондай-ақ арнайы органдар күзетiп отырған басқа да нысандардың аумағына заңсыз кірген.

Бұл айтарлықтай шығынға және басқа да ауыр зардаптарға әкелгені атап өтілді.

"Сондай - ақ, олар алдын ала сөз байласу арқылы атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлап әкеткені, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жердегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір топ адам болып алдын ала сөз байласу арқылы билік өкілдерінің денсаулығына зиян келтіргені, мүлкін бүлдіріп, жойғаны анықталды", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз өкілдері.

19 мамыр 2023, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.