Атырау, 1 қазан 09:11
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қандас мәртебесін «бір терезе» қағидаты бойынша алуға болады

698 просмотра

Қандас мәртебесін беру тәртібі өзгертілетін болады. Енді өтінімдер Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданады деп хабарлады turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Жаңа тетік бірқатар мемлекеттерде пилоттық режимде іске асырылуда. Бұл елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселелерді шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Жаңа тәртіп пен басқа да бірқатар шаралар Мемлекет басшысы 2023 жылдың 19 сәуірінде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберінде бекітілді.

«Қазіргі уақытта этникалық қазақтардан өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс визалық режим елдерінде (Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан) орналасқан ҚР Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінде пилоттық режимде жүргізілуде. Кейінірек елшіліктер арқылы өтінімдерді қабылдау визасыз режимі бар елдерде де жүргізілетін болады», – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Enbek.kz порталы арқылы осы пилоттық жобаны (қандас мәртебесін беру және қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі қызметтер) іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі енгізілді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелде тұратын этникалық қазақтардан 771 (237 отбасы) өтініш қабылданды.

18 мамыр 2023, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.