Атырау, 1 қазан 09:25
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

1 шілдеден бастап автогаз бағасы 20 пайызға қымбаттайды

656 просмотра

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды Sputnik.

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы бұйрық жобасын дайындады.

Құжатқа сәйкес, сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 30 маусымға дейін қосылған құн салығын (ҚҚС) қоспағанда тоннасына 40 320 теңгені құрайды. Қазір сұйытылған газдың бағасы – 33 600 теңге.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салакетейік, сәуір айында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы өсетінін мәлімдеген болатын.

17 мамыр 2023, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.