Атырау, 23 желтоқсан 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Министрлік: Мектепте ақша жинауға қатаң тыйым салынады

858 рет қаралды

Оқу ағарту министрлігінің нормативтік құжаттарында соңғы қоңырауды өткізу немесе өткізбеу туралы ақпарат көрсетілмеген, деп хабарлайды Sputnik.

Бірінші вице-министр Шолпан Каринова биыл оқу жылының соңында мектептерде салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар туралы айтты.

Оның айтуынша, соңғы қоңыраудың салтанатты жиыны мен іс-шараларын қалай өткізуді әр мектеп өзі шешеді. Мнистрлік дәстүрлі соңғы қоңырауды қолдайтынын хабарлады.

Бірақ ведомствоның нормативтік құжаттарында мұндай іс-шараны өткізу бұдан бұрын да көрсетілмеген дейді вице-министр. Министрлік бұл іс-шараны 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орайластырылған форматта өткізуді ұсынады.

Шолпан Каринова аниматорларды, мерекелік кештерді ұйымдастыру агенттіктерін, жеке студияларды жалдау үшін қаражат жинауға тыйым салынатынын ескертті.

Сондай-ақ, ведомство мұғалімдерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық алу үшін ата-аналардан қаражат жинауға қатаң тыйым салынатынын да атап өтті.

16 мамыр 2023, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.