Атырау, 1 қазан 09:22
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Антикор арнайы ХҚКО-лар ісі бойынша тергеуді аяқтады

531 просмотра

Антикор арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Антикоррупциялық қызмет Астана қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар қатарынан ұйымдастырылған топқа қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады.

"Қылмыстық іс "Web-Модуль" және "ИИС ЦОН" ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау деректері бойынша тергелді. Қылмыстық топ 2022 жылдың қаңтар-мамыры аралығында заңнамада қарастырылған алымдар мен төлемдерді төлеместен шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркеді. Осыған байланысты мемлекетке 1,4 миллиард теңгеден аса ірі көлемде залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Барлығы 30 адам қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

"Олардың қатарында Астана қаласы бойынша №2 Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, 4 полиция қызметкері мен автокөліктерді заңсыз рәсімдеу бойынша өз қызметтерін ұсынған делдалдар бар. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр", - делінген Антикор мәліметінде.
Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі. Антикоррупциялық қызмет азаматтарды көліктерді тіркеу кезінде делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырады.

15 мамыр 2023, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.