Атырау, 1 қазан 09:17
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

«Артық ештеңе айта алмаймын»: Марат Қалқабаев Мәсімовтің бұйрығы жайлы

1 289 просмотра

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында ҰКҚ төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ryhy.

«Мысалы, қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК қызметкерлерінің бәрі Мәсімовтің бұйрығын орындады. Дұрыс па? Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағылды. Яғни, сол бұйрықты орындағын ҰҚК қызметкерлері бар. Сондай жағдайдан қалай шығуға болады?», - деп сұрақ қойды журналистер.

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев бұл сұраққа жауап беруге тырысты.

«Тергеуде барлығы анықталды. Мен сіздің сұрағыңызды түсіндім. Тергеуде бүкіл жайт анықталды. Бәрін айта алмаймын. Бұйрық болған жоқ. Ол кісі шешім қабылдаған. Мен артық ештеңе айта алмаймын», - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

15 мамыр 2023, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.