Атырау, 20 ақпан 06:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы

871 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Президенттің Twitter-дегі құттықтауында бокстан елімізге алтын медаль әкелген төрт спортшының өнерін тамашалағанын айтып, жігерлі жеңістерімен құттықтады. 

“Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы!” – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

15 мамыр 2023, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.