Атырау, 1 қазан 09:14
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Ойын кезінде ауыр жарақат алған "Қайрат" футболшысы жансақтау бөлімінде жатыр

684 просмотра

Алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев Қазақстан премьер-лигасы матчында "Ақтөбемен" болған ойында ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Футболшыға ота жасалды. Оқиға Қазақстан премьер-лигасы матчының 9-кезеңінде болған. Буранчиев "Ақтөбенің" шабуылдаушысы Элдер Сантанамен соқтығысып, есінен танып қалған.

"Арсен Буранчиевке ота жасалды. Біздің ойыншы доп үшін таласта ауыр жарақат алып, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Арсен жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Футболшы дәрігерлердің қатаң бақылауында", – делінген алматылық клубтың мәлімдемесінде.

Ойын аяқталғаннан кейін алматылықтардың бапкері Кирилл Кекер бұл жеңістің жарақат алған ойыншыға арналатынын айтты.

15 мамыр 2023, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.