Атырау, 23 желтоқсан 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Шымкентте 18 жүк вагоны рельстен шығып, аударылып қалды

1 006 рет қаралды

11 мамырда Абай ауданындағы "Игілік" теміржол өткелі аралығында Игілік-Бадам темір жол учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бір бүйіріне аударылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық ТЖД-ның хабарлауынша, аударылған вагондар жалпы саны 57 вагоннан тұратын "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында болды.

"Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі бүлініп, темір жол төсемінің ішінара зақымдануы орын алды. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді". Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына еш кедергі жоқ.

Төтенше жағдай

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚТЖ ҰК" АҚ құрамынан 55 адам және 1 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

"Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД басшылығы, жеке құрамның 14 адамы және 4 бірлік техникасы шықты", делінген хабарламада.

11 мамыр 2023, 19:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.