Атырау, 9 қыркүйек 03:30
 дождьВ Атырау +14.2
$ 454.46
€ 527.72
₽ 5.25

Мемлекет басшысы Ржев округіндегі бауырластар зиратына гүл шоғын қойды

1 216 рет қаралды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейде жүр. Ол Ржев округі Трубино деревнясындағы майдандас жауынгерлер жерленген бауырластар зиратына гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Мемлекет басшысы Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті.

«Бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған. Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан 881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған.

Бұл жерде 2 мыңнан астам солдаттың денесі жатыр. Жерленгендер тізімінде Қазақстан Президентінің әкесінің ағасы - Қасым Болтаев та бар

9 мамыр 2023, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.