Атырау, 1 қазан 12:15
 ашықВ Атырау +15
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

865 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші мамырда Қазақстан азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, баршамызға ортақ қастерлі мереке. Елін қорғау – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру – негізгі стратегиялық мақсатымыздың бірі".

Сондай-ақ Президент Қазақстан армиясы кез келген жағдайда мемлекетімізді қорғауға дайын болуы керектігін де атап өтті. Қарулы Күштеріміз еліміздің егемендігі мен тұтастығының және халқымыздың мызғымас бірлігі мен жарқын болашағының кепілі болып қала береді.

"Бүгінде жауынгерлеріміз батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, ел тыныштығын қырағылықпен күзетіп тұр. Олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі – өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге" делінген құттықтауда.

7 мамыр 2023, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.