Атырау, 26 қыркүйек 02:24
 ашықВ Атырау +16
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Мақаттықтар африкалықтарға көмектесуді жалғастыруда

Бейнежазба
1 168 просмотра

Мақаттық жастар ауыз суға мұқтаж Африка құрлығындағы Камерун елінің жұртшылығына су құдығын қазуға қаражат жинап берді.  Құрылыс жұмыстары сәуір айының аяғында басталып, 4 мамыр күні ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар мақаттықтарға алғысын жаудырған видео жолдады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Африкадағы жетімдер үйіндегі балаларға ауыз ашар бергеннен кейін, игі істі жалғастыруды ұйғарған. Рамазан айының соңғы он күндігінде Африканы қолдау үшін қайырымдылық бағытында Telegram-канал арқылы арнайы есепшот ашқан. 500 мың теңге қаражат жиналған. Осы қаражат жеткілікті болыпты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған суреттер мен бейнежазба

7 мамыр 2023, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.