Атырау, 1 қазан 14:33
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Тоқаев әскери ұшқыштардың жалақысы өсетінін мәлімдеді

906 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери ұшқыштардың жалақысы өсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.
Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек", - деді Мемлекет басшысы.
5 мамыр 2023, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.