Атырау, 3 қараша 00:05
 дождьВ Атырау +13.4
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

1 404 рет қаралды

7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізбейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істей береді.

"Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

5 мамыр 2023, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.