Атырау, 1 қазан 14:19
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Beeline Қазақстандағы бизнесін 302 миллиард теңгеге сатты

837 просмотра

Beeline брендімен жұмыс істейтін ресейлік "Вымпелком" компаниясы Қазақстандағы бизнесін Голландиядан келген VEON компаниясына 54 миллиард рубльге (302 миллиард теңгеден астам) сатты. Бұл туралы оператордың мәлімдемесіне сілтеме жасаған Ресей БАҚ-тары жазып жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылдың 6 желтоқсанында VimpelCom еншілес ұйымы Veon Eurasia S.a.r.l. ресейлік оператор VIP Kazakhstan Holding AG еншілес ұйымы акцияларының 75 пайызын ("KaR-Teл" ЖШС-не тиесілі және Қазақстандағы операциялық ұйымдардағы жанама меншігі "Казевромобайл" ЖШС) VEON Holdings B.V.-ге берген (Veon Ltd еншілес ұйымы). Ал қаражат бас компанияның оператор алдындағы несиелері бойынша қарызды өтеу ретінде есепке алынғаны айтылады.

Beeline Қазақстан компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин қазақстандық клиенттер мен компания қызметкерлері үшін ештеңе өзгермейтінін айтты, өйткені Beeline Қазақстан бұрын VEON тобының бір бөлігі болған. Бұрын құрылым иерархиясы келесідей болды: VEON - "Вымпелком" - KaR-Teл, ал қазір ол VEON - KaR-Teл болып өзгерді.

“Тікелей VEON Holdings B.V.-де бағыну құрылымын рәсімдеу бизнеске холдингпен өзара әрекеттесуде жылдамырақ және икемді болуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Настрадин.

4 мамыр 2023, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.