Атырау, 1 қазан 14:16
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Шиповских интернеті сапасыз операторларға қомақты айыппұл салуды ұсынды

828 просмотра

Сенатор Геннадий Шиповских еліміздегі интернеттің сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Біздің киберспортты, IT саласын дамытамыз деген ұстанымдарымыз бар. Бірақ интернеттің сапасы төмен болса, оны дамыта алмаймыз. Болашақта креативті индустрияны дамытатын мамандар IT саласында болады. Ал интернет сапасы өте төмен болса, оны дамыту мүмкін емес. Әсіресе, кешке таман кино көрейін десең, ол ұзақ уақыт жүктеледі. Үкіметте мәселені шешерде 2023 жылы дейді, ол жақындағанда 2025 жылы дейді, кейін 2027 дейді. Ол туралы Мәжілісте де көтерген едім. Министрлерді сынның астына алғам», - деді ол.

Депутат бұл сала бойынша радикалды шешім қабылдау керегін айтты.

«Интернет операторлары ұсынатын интернет сапасы төмен болса, компанияларға үлкен айыппұл салу керек. Осындай радикалды шешім керек. Себебі, интернеттің тарифына байланысты айына жоқ дегенде 6-7 мың теңге төлейміз. Ал іске келгенде, интернет баяу болып, адамдардың жүйкесін жұқартады», - деді Геннадий Шиповских.

4 мамыр 2023, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.