Атырау, 1 қазан 14:26
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Астанада LRT ісі бойынша барлық айыпталушыға үкім шығарылды

725 просмотра

Астанада LRT құрылысына қатысты сот процесінде айыпталушылардың бәріне үкім жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Виктория Семенова жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін салу кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша үкімді жариялады.

"Ачилов Ұлықбек Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтеу жазасына кесілді.

Әбдіхамитов Дәурен ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аманжолов Рашид ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігі б-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын және жаза тағайындалсын: мемлекеттік қызметте 5 жыл бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздік дәрежесіндегі ҚАЖ мекемесінде өтеу.

Нұрпейісова Жаната ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 178-бабы 4-бөлігі б-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын және жаза тағайындалсын: мемлекеттік қызметте 5 жыл бойы қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздік дәрежесіндегі ҚАЖ мекемесінде өтеу. Нұрпейісов "Құрмет" орденінен және "Парасат"орденінен айырылсын.

Әшім Талғат ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 178-бабы 4-бөлігі "б" тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағайындалған жаза шартты деп есептелсін, 3 жылға пробациялық бақылау белгіленсін.

Тимур Асабаев ҚР ҚК-ның 28-бабы 5-бөлігі және 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағайындалған жаза шартты деп есептелсін, 3 жылға пробациялық бақылау белгіленсін.

Мусенов Дулат ҚР ҚК-ның 28-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағайындалған жаза шартты деп есептелсін, 3 жылға пробациялық бақылау белгіленсін", - деді судья Виктория Семёнова.

3 мамыр 2023, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.