Атырау, 1 қазан 14:26
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Үш баласын бауыздап өлтірген күдікті Сириядан оралған

831 просмотра

Үш баласын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінген жігіттің әйелі, күйеуінің ісіне қатысты пікірін білдірді, деп жазады "Адырна". Бұл туралы толық дерек Koremiz бағдарламасында айтылды.

Ақтауда кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұсталған болатын.  Бұған дейін оған қатысты өзге ағымдағы дінді ұстанады деген деректер келтіріліген. Енді үш баласын өз қолымен бауыздап өлтірген Жәнібек Есеновтың  Сириядан "Жусан" операциясы арқылы елге оралғандығы анықталып отыр.

""Жусанмен" келген. Атырауда "БРТ" болып тіркеуде тұрған," - дейді журналистердің сауалына жауап берген полиция өкілдері.

Жәнібектің жат ағымның жетегінде екендігін көршілері мен туыстары да растап отыр.

 "Олардың ұстанымдары бөлек. Тұмшаланып жүреді", - дейді Жәнібектің туған жездесі. Жездесінің айтуынша, Жәнібек пен оның жарының қандай ағымда жүргендігі белгісіз.  Көршілері болса балаларын да тұмшалап тастайтын дегенді айтты.

Сондай-ақ Жәнібектің таныстары, ауылдастары да  намаз оқығалы оның өзгеріп кеткенін айтуда.

Ал үш баласынан айрылған Айдана журналистерге қысқа-нұсқа пікір білдірді.

"Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Бәрі "вахабис" дейді. Айта берсін. Маған бәрібір. Мен ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз ісіме жауап беремін. Болды.
Маған бәрібір. Балалар Аллахқа қайтты. Сол адамның себебімен Аллахқа қайтты. Болды", - дейді қара жамылған ана.

Еске салсақ марқұм болған балалардың ата-анасы былтыр желтоқсан айында заңды түрде ажырасып кеткен болатын.  

3 мамыр 2023, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.