Атырау, 1 қазан 14:30
 ашықВ Атырау +17
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында жұмысшы қаза тапты

647 просмотра

Жетібай кен орнындағы ұңғымада дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқанда жарылыс болып, бір жұмысшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Алдын ала мәлімет бойынша, газбен дәнекерлеуші болған Қазақстан азаматы оқиға орнында қаза тапты, деп жазды Мangystaumedia басылымы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ жарылыс кезінде бұрғылау қондырғысының шебері, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Ол Қытай азаматы болған.

Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері жетті. Тергеуді "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланады. 

2 мамыр 2023, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.