Атырау, 28 қараша 06:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бұл жолы шымтезек қабаты жанып жатыр

Бейнежазба
1 600 просмотра

Дамбаға қарай трассамен келе жатқан жүргізушілер үшін таңғы уақытта жүру өте қиын – тұмшалаған қалың түтіннің салдарынан айналада ештеңе көрінбейді. Қалада да өртенген заттың иісі сезіледі.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ақжайық» резерватындағы қамыс өртінің ошағы 6 сәуірде толығымен жойылған. Ал бүгін таңертең ТЖД қызметкерлері аумақты шола келе, шымтезек қабаттарының өртенгенін анықтады.

Шымтезек ашық отқа оранбайды - ол көп мөлшерде түтін шығарып, бықсып жанады. Ол жанған кезде атмосфераға шығарылатын аэрозоль бөлшектері денсаулыққа өте қауіпті. Шымтезек баяу бықсып жанады, тәулік ішінде осылайша бірнеше шаршы метрді қамтуы мүмкін. Бірақ бұл жылдар бойы жалғасуы мүмкін, өйткені жаңбыр да, еріген қар да жануға әсер етпейді, ол өте тереңде бықсиды.

Қазіргі уақытта шымтезектің бықсу аумағы анықталуда.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Ашық дереккөздерден алынған бейнежазба

7 сәуір 2023, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.