Елімізде мұнайды экспортқа шығарудың күретамыры - Каспий Құбыр Консорциумы-К (КҚК) биыл жүк жөнелтушілердің барлық сұранысын толық қанағаттандырып, құбыр жүйесі арқылы 72,5 миллион тоннаға дейін мұнайды тасымалдауға мүкіндік ашпақ.
Команияның биылғы жетістіктері мен алдағы жоспары туралы Атырауда 5 сәуірде басталған «Атырау. Мұнай және Газ» Солтүстік-Каспий аймақтық көрмесінде өткен баспасөз мәслихатында КҚК Бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді ҚАБЫЛДИН мәлімдеді.
Өткен жыл КҚК үшін маңызды оқиғамен аяқталды: мұнай құбыры жүйесінің Қазақстан аумағынан жылына 72,5 млн тонна және Ресей Федерациясы арқылы жылына 81,5 млн тонна мұнай тасымалдауға механикалық дайындығы қамтамасыз етілді. Мұндай жоғары көрсеткішке қол жеткізу Тар жерлерді жою бағдарламасын (ТЖЖБ) жүзеге асыру барысында мүмкін болды.
Айта кетейік, тар жерлерді жою бағдарламасы 2018 жылы жемісті аяқталған КҚК Кеңейту жобасының логикалық жалғасы. ТЖЖБ – бұл Қазақстан мен Ресей аумағында жүзеге асырылып жатқан бір бағдарламаға біріктірілген бірнеше жобаның жиынтығы. Бағдарламаның мақсаты ағымдағы қуаттылықты жетілдіру арқылы КҚК құбыр жүйесінің мұнай айдау көлемін ұлғайтуға дайын болуын қамтамасыз ету.
Қабылдиннің сөзінше, КҚК 2022 жылы сыртқа 58,7 миллион тонна мұнай шығарды. Оның ішінде 52 млн тоннасы Қазақстан мұнайы болып саналады. Атап айтқанда Қазақстанның ең ірі кен орындары – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақта тиісінше 29, 12 және 10 млн тонна мұнай алынған.
Қабылдин мәлімдегендей, бүгінде ТЖЖБ бойынша барлық жұмыстар КҚК 10 мұнай айдау станциясында және Новороссийск түбіндегі теңіз терминалында жүргізілуде. Қазақстандағы ТЖЖБ объектілері «Теңіз» және «Атырау» мұнай айдау стансалары болып саналады.
Биыл Қазақстандағы «Теңіз» МАС және Ресейдегі «Астраханская» МАС аумақтарында КҚК мұнай құбыры жүйесіне Теңіз кен орнынан мұнайдың қосымша көлемін қабылдауға мүмкіндік беретін барлық объектілер іске қосылған. ТЖЖБ объектілеріндегі жұмыстар еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғаудың жоғарғы талаптарын сақтай отырып жүргізілуде.
Консорциум өкілі мәлімдегендей, «Теңіз» МАС электр қуатын ұлғайту мақсатында биыл сырттай электрмен жабдықтау жаңа объектілерін іске қосу жоспарлануда. Оған қоса көлемдері 20 мың текше метр екі жаңа резервуар іске қосылмақ, олар ұлғайып жатқан айдау көлемі жағдайында резервуарлық саядағы мұнай қорларының көлемін 120 мың текше метрге дейін сақтауға мүмкіндік береді. Жалпы мұнай құбыры жүйесі бойынша ТЖЖБ 2025 жылдың ортасына дейін жүзеге асырылады.
КҚК-ның пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджері Виктор Мирошниченконың сөзінше, бағдарламаны жүзеге асыру үшін 599,9 миллион АҚШ долларын инвестициялаған. Оның ішінде 156,4 млн АҚШ доллары «КҚК-Қ» АҚ на және 443,5 млн АҚШ доллары – «КҚК-Р» ге тиесілі.
2022 жылдың соңында «КҚК-Р» АҚ және «КҚК-К» АҚ үшін жалпы сомада негізгі қызмет бойынша күрделі жобаларға салынған инвестициялар 46,6 миллион АҚШ долларын құрады. 2023 жылға акционерлер 88,1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі күрделі салымдар бюджетін бекітті.
Өз сөзінде Қайыргелді Қабылдин кеңейту жобасын жүзеге асыру барысындағыдай ТЖЖБ аясында бөлінген қаражаттың бір бөлігі Атырау облысындағы әлеуметтік бағдарламаларға және инфрақұрылымды дамытуға, білім беру, денсаулық сақтау салаларын қолдауға арналған қайырымдылық жобаларға бағытталатынын атап өтті.
Еске салсақ, КҚК былтыр Қазақстан Республикасында қайырымдылық бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асырды. Былтыр Атырауда 900 орындық мектептің құрылысы басталды. 300 оқу орнын National Geographic журналына жазылуды жалғастырды, Атырау облысының мұғалімдері мен оқушылары үшін оқыту семинарларын ұйымдастырды. Ірі қайырымдылық жобалардың ішінде Жастар Үйі мен отбасылық түрдегі балалар ауылының құрылысын айтуға болады.
2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы аумағында КТК Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымына жыл сайын 1,3 миллиард теңге немесе 3 миллион АҚШ долларын инвестициялайды. 2001 жылдан күні бүгінге дейін «КҚК-Қ» АҚ қайырымдылық жобаларға 12 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл жобалардың қатарында мектеп пен балабақшалар жіне емдеу мекемелерінің құрылысы мен реконструкциясы бар.