Атырау, 26 қараша 05:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау хроникасы: атасының «противогазы» пайдаға асты

Бейнежазба
963 просмотра

2 cәуір күні Атырауды тұншықтырған түтін баcты. Қалада жөтелмей еркін тыныстайтын бірде-бір жер қалмады. Тек кешкісін ғана ТЖД қысқаша баспасөз мәлімдемесін таратып, онда бұған Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауындағы ауқымды қамыс өрті себеп екені айтылды. Сол жердің тұрғындары бірінші болып зардап шегіп, экологиялық апат туралы хабарды ресми мәлімдемелерден бұрын таратты.

Құтқарушылар: 80 га жердегі өрт өшірілді, тағы 5 га жер қалды деп баяндады. Көңіл көншітетін бұл жаңалық БАҚ-та тарап кетті. Бірақ бүгін, 3 сәуірде қала тұрғындары бұдан да қою түтінмен оянды. Ешкім төтенше жағдай жариялаған жоқ, сондықтан басы ауырып, тамағы жыбырлап, әлсіздік билеген адамдар жұмысқа мойынсұна кірісті. Балаларын түтінге қарамай, мектепке тасыды. Біреулері маска тақса, бір азамат атасының сақталып жатқан кеңестік дәуірдегі «противогазын» тауып алып киген.

Таңертең ата-аналар чатында сынып жетекшілерінен хабарлама келді: білім бөлімі ұйқыдан оянғандай, балаларды үйлеріңізге алып кетіңіздер, терезелерді жауып, ресми мәлімдемелерді күтіңіздер, деп ата-аналарды асықтырды. Мектеп оқушылары мен студенттерді әзірге бір күнге қашықтан білім алуға көшірді.

Бұл арада әлеуметтік желілер де «түтінге оранып», түрлі ықшамаудандардан, қала маңындағы ауылдардан түтін басқаны туралы кадрлар мен видеолар қаптап кетті. Мектептердің бірінің қасында желмен тербеліп тұрған бағанаға фломастермен боялған «маска тағыңдар, осылай ғана аман қалуымыз мүмкін» деген жазуы бар парақ қағаз ілініп тұр... Қала босап қалған, бәрі мұның қашан бітетінін күтіп, үйлерінде, кеңселерде бас сауғалап отыр.

Түске қарай БАҚ-та төтенше жағдай туралы тағы бір егжей-тегжейлі хабарлама пайда болды: «Бүгінде қамыс өртенген жердің жалпы ауданы 89,5 гектарды құрайды. Желдің екпіні мен жердің батпақ болуы қамысты өшіруде қиындық туғызып отыр... Бүгін таңертеңгі сағат 8.30-да өрт ошағына жеттік... Бұл аңшылық маусымы мен табиғатта өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауымен байланысты....». Әрі қарай өрттің немен сөндіріліп жатқаны және қанша адам жұмылдырылғаны туралы санамалаған. Ал, тұрғындар бастарын ауыртқан өрт ошағын ауырсынуды басатын дәрілермен сөндіруге тырысып, өздерін қорғай алмаған биліктің жер жебіріне жетіп жатыр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

3 сәуір 2023, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.