«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау портында қазақстандық Теңіз кен орнынан Баку – Тбилиси - Джейхан мұнай құбырына шикізатты одан әрі жеткізу үшін President Heydar Aliev танкеріне 9.959 тонна мұнай жөнелтті, деп хабарлайды «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі.
Наурыз айының соңына дейін бұл бағыт бойынша тағы 10 мың тонна теңіз мұнайын жөнелту жоспарлануда. 2023 жылдың сәуір айына Баку – Тбилиси - Джейхан бағытында мұнай жөнелтудің жоспарланған массасы 125 мың тоннаны құрайды.
Еске сала кетейік, ақпан айының басында Түркиядағы жер сілкіністерінен кейін «ҚазТрансОйл» АҚ Джейхан теңіз терминалында жүк тиеу жұмыстарының уақытша тоқтатылуына байланысты форс-мажорлық жағдайлар туралы хабарлама алған болатын. Осыған байланысты Баку – Тбилиси - Джейхан мұнай құбыры арқылы одан әрі тасымалдай отырып, Ақтау портынан Бакуға мұнай экспорты тоқтатылды.