Атырау, 24 қаңтар 04:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Табиғат-Ана туралы бір сағат болса да ойланайық

1 701 рет қаралды

Экология департаменті атыраулықтарды бүкіләлемдік «Жер сағаты» акциясын қолдауға шақырады. 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да осы акция кезінде әр елдерде миллиондаған адам бір сағатқа электр жарығын өшіреді. Жарықты сөндіру, электр құрылғыларын, әлемдік сәулет ескерткіштерінің жарығын өшіру жоспарлануда.

- «Жер сағаты» акциясы жыл сайын өткізіледі және климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, басқа да экологиялық мәселелер, сондай-ақ энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеу мәселелерін ой елегінен өткізуге арналған, - деп атап өтті Экология департаменті. – 2007 жылдан бастап бұл жобаға Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Эмпайр-Стейт Билдинг, Рим Колизейі, Мысыр пирамидалары және басқалары сияқты әлемге әйгілі ғимараттар тартылды.

Айнұр САПАРОВА

24 наурыз 2023, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.