Атырау, 27 қараша 08:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Назгүлдің мүмкіндігі

2 157 просмотра

Назгүл МАСАБАЕВА 23 жаста. ІІ топ мүгедегі болғанына қарамастан, ол мектеп пен колледжді бітіріп, жылжымайтын мүлік бағалаушысы мамандығын игерген. Алайда жұмыс таба алар емес. «Жұмыс берушілер кез келген сылтаумен мүгедекті жұмысқа алмауға тырысады», - дейді Назгүл.

Міне, ол бірнеше айдан бері қалалық Жұмыспен қамту орталығының «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясындағы жолдамасымен «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жанында жұмыс жасап жатыр. Қыз бала іс-қағаздарын жүргізуге көмектесіп, телефондарға жауап береді. Ал «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жаңа «Еңбекке қабілетті» жобасын жүзеге асыруға кіріскелі жатқанын естіген ол өзіне «мұндай мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды» деп шешті.

«Мүгедек әлемі» ҮЕҰ бастамашылық көрсетіп отырған «Еңбекке қабілетті» жобасын «Бота» қоғамдық қоры қаржыландырады және 15 – 24 жас аралығындағы мүмкіндіктері шектелген жастарға арналған. Олар компьютерлік сауаттылық пен тігін ісі негіздерін үйрене алады.

- Біз оқытушыларды таңдау мәселесіне үлкен мән бердік – олар тек білікті маман ғана емес, сол сияқты жақсы психолог болулары да керек, - дейді«Мүгедек әлемі» ҮЕҰ-ның директоры Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА. Жоба сервис колледжі мен бизнес және құқық колледжімен бірлесе отырып жүзеге асырылуда. Тігін ісінен Меруерт Бақытқызы АЙТЖАНОВА, компьютерлік сауаттылықтан Амангелді Нұрмұқанұлы АДИРОВ дәріс береді, бұлар тәжірибесі молпедагогтар. 10 айда 30 адамды оқыту жоспарланып отыр.

К. Нұржігітова қазірдің өзінде 5-6 адамнан алғашқы топ құрылғанын айтты. Тігін ісіне үйренуге тек қыздар ғана жазылса, компьютерлік сауаттылық курсынан өтуге қыздар да, жігіттер де қызығушылық танытты. Жобаның аяғына таман сабақты жақсы меңгергендер іріктеліп, тереңірек оқытылатын болады. Ал ҮЕҰ оларды жұмысқа кіргізуге көмектеседі, өйткені бұл олардың ең басты міндеттері ғой.

«Мүгедек әлемі» ҮЕҰ-на біз келген сәтте тігін шеберлігі сабағы жүріп жатты. Оқытушы Меруерт Бақытқызының айтуынша, оқыту қарапайым нәрселерден басталады: қыздар мата түрлері туралы, оларды өңдеу, тігіс түрлері жайлы әңгімелейді. Олар ілгек, жаға, манжеттер, қалта тігуге, сыдырмаларды салуға, дайын бұйымдарды кестелеуге үйренеді. Киім пішу ерекшеліктерімен танысады.

- Сабақтардың тегін жүргізілетіні қуантады, қазір бұл сирек құбылыс, - дейді Назгүл Масабаева.– Сондай-ақ, мұнда оқуға келгендердің жаңа достар табуға мүмкіндіктері бар, мүмкіндіктері шектеулі жандарда достың аз болатыны белгілі ғой.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.