Құрманғазы ауданындағы Азғыр, Асан, Сүйіндік ауылдық округтеріндегі кезек күттірмей шешілуге тиіс мәселелердің бірі – ауыз су проблемасы. Анықталғандай, су құбырына қатысты мәселе кезең-кезеңмен шешілуде.
Әңгіме Қоянды топтық су құбыры туралы болып отыр. Қазіргі уақытта қосымша 6 ұңғыманы қазуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Мердігер мекеме - «Декор» ЖШС, ал тапсырыс беруші ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті.
Құны 312 миллион теңгеге бағаланған құрылыс жұмыстары 2022 жылдың желтоқсан айында басталған. Аудан әкімі Марат МҰРЗИЕВ округ әкімдерімен бірге құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Үш ұңғыма қазылды: 1-ұңғыма 46 м, 2-ші - 44 м, 3-ші -31м, 4-ші - 26 м, 5-ші - 37 м, 6-шы -36 метр тереңдікті құрайды. Айта кетейік, осыған дейін Қоянды топтық су құбырында 6 ұңғымадан 1 ұңғыма толық, екіншісі жартылай жұмыс жасап тұрған болатын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА