Атырау, 26 қараша 16:42
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АМУ студенттері жатақханадан қауіпсіз жерге көшірілуде

Сурет Бейнежазба
1 571 просмотра

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің №2 студенттер жатақханасында аяқ астынан апаттық жағдайдың орын алуына байланысты 500-ден астам студент қауіпсіз жерге көшірілуде.

Университеттің инфрақұрылым бойынша жауапты директоры Жалғасбай ШАГІРОВТЫҢ айтуынша, ғимаратта 2022 жылы қараша айынан бастап ғимараттың ішкі жақ бетінде жарықтар пайда болған.

- Мұнда адам тұрып жатқан соң қауіпсіздік үшін жөндеуге конкурс жарияладық. Жоспар бойынша 2023 жылға  жөнделуі тиіс еді. Алайда 20 қаңтарда шытынаған жер тағы үлкейіп, ішкі жағы құлап түсті.  Бұл жағдаймен танысқан мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасы қауіпті деп баға беріп, қазір студенттерді қауіпсіз жерге көшіріп жатырмыз, - деді Ж. Шагіров.

Мамандар студенттермен жиын өткізіп, облыстың студенттеріне қалада туыстарына бару мүмкіндігі болса, уақытша сонда тұрақтай тұруды ұсынған.

- Қазіргі кезде бірінші кезекте шетелден және басқа облыстардан келген студенттерді жатақханамен қамтып жатырмыз. Олар университеттің №1 және №3 жатақханасына, одан бөлек APEC колледжімен келісім жасап, колледждің жатақханасына, Атырау мұнай және газ университетінің жатақханасына орналастырылады. Қалай болғанда да қыстың ортасында далада қалдырмаймыз, - деді Шагіров.

Университетте студенттердің сұрақтарына дер кезінде жауап беретін штаб құрылды, байланыс орталығы (87015862240) жұмыс жасайды.


Айта кетейік №2 жатақхана ғимараты 1972 жылы салынған. 2017 жылы күрделі жөндеуден өткен.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

2 ақпан 2023, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.