Атырау, 28 қараша 15:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау түтін құшағында

Сурет
1 734 просмотра

Атырау облыстық ТЖД «Ақ Жайық» резерватының аумағында және жалпы облыста өрттің жоқтығы жөніндегі ақпаратпен баспасөз хабарламасын таратты. Бір ғажабы, Атырауды түтін басып жатқанына үшінші күн болды.

Терезелерден түтін мен күйік иісі кіріп  жатыр, тұрғындар өздерін нашар сезініп, бастары ауырып, тыныс алу ауруларының асқынғанына шағымдануда.

Біз «Сканэкс» спутниктік Жер мониторингі бағдарламасының арқасында Атырау облысында бірнеше өрт ошағы бар екенін анықтадық: төртеуі Каспий теңізінің Исатай ауданында жағалауында және біреуі Жылыой ауданының аумағында.

Әдетте, Атырау облысында қамыс қопалары көктемнен қоңыр күзге дейін жүйелі өртенетін болса, биыл қыс құрғақ болды. Жылдың қай мезгілінде өрт болса да, жергілікті биліктің онымен күресетін алдын алу бағдарламасы, тіпті әрекет ету құралдары жоқ. Сондай-ақ, экология мен табиғаттың қолайлылығына жауапты ведомстволар да бұл өрттердің өңірдің биоресурстары мен экожүйесіне тигізетін әсеріне бағалау жүргізбей отыр.

Осы уақытта, соңғы мәліметтер бойынша, өрт болып жатқан осы аумақтарға ТЖ тікұшағы ұшып кеткен.

Нұргүл БЕКБОЛАТҚЫЗЫ

31 қаңтар 2023, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.