Атырау, 25 қараша 14:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Контейнер құны ұшынып тұр

2 871 просмотра

Редакцияға контейнерлерде сауда жасайтын «Дина» базарының сатушылары қоңырау шалып, оларды 1 млн теңгеге бутиктерді сатып алуға мәжбүрлейтінін айтып шағымданды.

- Біз контейнерлерде ыдыстар мен төсек-орындар сатамыз. Кезінде (2007-08 жылдары) бізді осы контейнерлерді 300-600 мың теңгеден сатып алуға мәжбүрледі. Енді оларды күремекші екен. Бізді, әр контейнер қожайынын жаңа бутиктерді 1 млн теңгеден сатып алуға мәжбүрлеп отыр. Бізде 130 ЖК бар, ал дайын бутиктер - 88. Бір бутикке 2 сатушыдан орналастырғылары келеді. Мұндай жағдайда бутиктің құны 2млн теңге болады (жарты бутик - миллион). Біз бұл кешенді өз ақшамызға салуға тиіспіз бе?

Өткен жылдың желтоқсанында бізді ЖК ретінде тіркелуге мәжбүрледі. Дегенмен де, біз әлі күнге дейін 250-450 теңгеге бір реттік талондарды сатып алып жүрміз. Оның үстіне, ай сайын жалға алғанымыз үшін сауданың 15-25 мың теңгесін төлейміз. Бұдан басқа, ЖК ретінде салықтар төлеуге, кассалық аппарат алуға тиіспіз.

Бізді түк қалдырмай тонап жатыр. Қалайша бұлай өмір сүреміз? Әр сатушыда 2-3 несиеден бар, сауда да керім жүріп жатқан жоқ. Бізге осындай сұмдық жағдай жасап отыр. Жақын күндері «Дина» директорына барып едік, ол тіпті бізбен сөйлеспеді де. Біз оның базарында тегін отырғандай күй кештік. Өз атымызды атаудан қорқамыз, өйткені бізбен назданып жатпайды, контейнермен бірге лақтырып тастайды. Әрқайсымыздың отбасымыз, балаларымыз бар. Енді не істейміз? Базар басшылығының әрекеті қаншалықты заңды?

Сатушылардың сауалдарын «Дина» базарының директоры Оспан СӘЛІМГЕРЕЕВКЕ жолдаған едік. Ол былай деді:

- Иә, бізде осындай әңгіме жүрді. Сатушылар арасында дүрлігіс болмас үшін біз оларға жаңа ғимарат салынатынын, бутиктер үшін осындай төлемдер төлеуі керек деп, алдын ала ескерттік. Бекітілген бас жоспарға сәйкес, біз 2015 жылға дейін ғимарат салуға тиіспіз. Құрылыс биыл басталды. Бутик үшін миллион теңге жалға алу есебінен есептелетін болады, сатушылар шамамен бір жылға дейін жалға алу төлемінен босатылады. Әрі қарай, әдеттегідей, шаршы метріне қарай 3 мыңнан 4,5 мың теңгеге дейін жалға алу төлемі алынатын болады.

Біз олардан контейнерлерді алып қоймаймыз, оларды үйлеріне алып кете алады.

Бір рет берілетін талон үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап жойылды. Қалалық әкімдіктің жанында арнайы бөлім болды, қазір ол таратылды. Сондықтан әрбір сатушы салық төлеу үшін ЖК ретінде тіркелуі тиіс еді.

Бұл жағдайда біз сатушыларды түсініп отырмыз, бірақ бізге де сәулеттену керек қой. Бәлкім, біз төлемақыны бөліп-бөліп қабылдайтын болармыз, бұл мәселені әрқайсысымен жеке-жеке қарастырамыз. 

Бутиктердің санына келер болсақ, бізде бірнеше контейнерлерді иеленген сатушылар бар, олар, әрине, бір бутикке орналастырылады.

Сұрақтың өзектілігін ескере отырып, біз Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВАДАН осы жағдайғакомментарий беруін өтіндік.

- Жалпы мұндай үлкен базарлар осындай әдіспен бұзылуы мүмкін, бірақ олар басшылық ұсынатын келісімшарттарға мұқият зер салуы керек. Келісімшарттарда құрылысқа кәсіпкерлер қатысының барлық шарттары және олардың салымдарының қайтарылуы, сонымен қатар өз міндеттемелерін орындамағаны үшін тараптардың жауапкершіліктері айқын жазылуы тиіс.

Бұдан басқа, әңгіме ондаған адамдар, олардың отбасылары мен материалдық игіліктері туралы болса, үшінші тарапты: әкімдікті, заңгерлерді кірістіру керек. Өйткені, шынымен де ертеңгі күні кетуін өтініп, жай ғана ығыстыра салуы мүмкін.

Әрбір сатушы жақсы ғимарат болса, қызмет көрсету де жақсаратынын түсінуі тиіс. Нарықтық қатынастардың жаңа деңгейін сатушылардың көзқарасымен ғана қарастыруға болмайды. Қыста олар тоңып-шашырап, жазда тауарларымен бірге шыжыған күннің астында тұрады. Бұл - кешегі күннің еншісі.

Сөзімді түйіндесем, бұл жақсы идея, бірақ оның іс жүзінде қалай асатыны сатушылардың өздеріне де байланысты: базар басшылығымен талқыға салып, заңгерлердің көмегімен өз құқықтарын қорғауы керек. Сондай-ақ, әкімдіктің де араласуы қажет деп есептеймін.

Талондарға келер болсақ, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар берілмейтін болды. Егер мұндай фактілер бар болса, дереу қаржы полициясына немесе салық комитетіне арызбен шығу керек. Өйткені бұл алаяқтық боп табылады. Мен осыған қатысты «Дина» басшылығымен сөйлескен едім, олар ешқандай талондардың жоқтығын, салық қызметкерлерінің оларды күн сайын тексеріп отырғанын растап отыр. Егер сатушылар талондарды үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап төлегенін дәлелдей алса (бәлкім, олар сатушыларда сақталған шығар), фамилияларын атамай-ақ, бізге хабарлассын. Ал біз араласатын боламыз.

Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.