ПИК жылу есептегіштерді қондырып, бұл шығындарды өз тарифтеріне қосуы керек.
Бұл туралы 21 наурызда №24 мектепте ТМРАД ұйымдастырған халықпен кездесуде Атырау қаласы ПИК қауымдастығының төрағасы Гүлнәр САЛИХОВА хабарлады.
Оның айтуынша, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң және Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің бұйрығы жалпыүйлік жылу өлшегіштерді қондыруға тікелей қатысуды міндеттейді. Жыл ортасына дейін, яғни, жоспарланып отырған тарифтерді өсіруге дейін ПИК, кооперативтер бұл мәселені шешуі тиіс. Әзірге ТМРАД жанында жылу есептегіштерді орнату техникалық мүмкін емес ескі және апатты үйлерді анықтайтын комиссия жұмыс жасап жатыр. Ал ПИК қауымдастығы, өз тарапынан, осы тізімге Жилгородок, Торговая база, Балықшы және Лесхоздағы екі қатарлы ескі үйлерді бірден қосуды ұсынды.
- Есептегіштерді алу, қондыру және қамту біздің шығындарымыздан болады. Біздер (ПИК) бұл шығыстарды тарифке қосуымыз керек. Сондай-ақ үйлерді есептегішпен жабдықтау үй термомодернизациядан өту-өтпеуіне байланысты емес, - деді Г. Салихова.
- ПИК есептегіштерді қандай қаражаттарға алуы керек, өз қалталарындағы ма? - деп сұрадық біз одан.
Жауап күткеніміздей болды: мұндай қаражат ПИК-терде жоқ, сондықтан да дұрыс жолы мақсаттық ақша жинау болып табылады.
- Жылу есептегіштер тұтынушылар үшін өте тиімді. Бір жылу беру маусымында 100 шаршы метр пәтердің иелері 30 мыңға дейін үнемдейді. Бұл қайта жылу берушілер үшін тиімсіз, олар жылу есептегіш қондырылған 100 пәтерлік бір үйден жарты миллионға дейін шығынға ұшырайды, - деді «Ануар-Авангард» ПИК-тің төрағасы Людмила ШАРОВАТОВА.
Алайда ол, басқа төрағалар сияқты, риза емес. Осы үлкен жұмыстарды жоспарлағандай келесі жылу маусымына дейін бітіру – мүмкін емес. Тұрғындар ақша жинағысы келмейді, сонымен қатар басқа да кедергілер жетіп жатыр: суға толған жертөлелер, ескірген құбырлар, айналманың жоқтығы және т.б. Жылу есептегіштерді қондырмас бұрын, осы проблемаларды шешіп алу керек, ал бұл шығындарды одан да көбейте түседі.
Зульфия ИСКАЛИЕВА