Атырау, 23 қараша 12:26
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қабылданған шараларға қарамастан, қылмысты жасыру фактілері түбегейлі жойылмай отыр

2 233 просмотра

Бүгін Астанада Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен өткен алқа мәжілісте құқық қорғау органдарындағы есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау мәселелері қаралды.

Шараға Ішкі істер министрлігінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Кедендік бақылау комитетінің басшылары қатысты.

Тоқтала кететін жайт, соңғы екі жылда құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерімен қылмысты тіркеуді тәртіпке келтіру мен еліміздегі шынайы қылмыстық ахуалды қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Мұндай шаралар бұрындары жасырылып келген, әсіресе, ауырлығы шағын және орташа қылмыстарды «көлеңкеден» шығаруға көмектесті. Бұл әсіресе әрбір арыз-шағымның қаралу барысын қазіргі заманғы коммуникация құралдары арқылы қадағалап отыруға мүмкіндік беретін қылмыстарды тіркеу мен есепке алудың айқын жүйесін енгізудің нәтижесінде мүмкін болды.

Дегенмен, Бас прокурор Асхат Дауылбаев есепке алу-тіркеу практикасын тәртіпке келтіру бойынша қабылданып отырған ауқымды шараларға қарамастан, қылмыстарды жасыру фактілерін түбегейлі жою жөніндегі міндеттер толықтай орындалмағанын атап өтті. Оның айтуынша, өткен жылы прокурорлар 2471 жасырылған қылмысты анықтап, есепке қойды.

Жиын барысында талқылау қорытындысы бойынша қылмыстарды жасыру фактілерін болдырмау, ведомстволық бақылауды күшейту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды көздейтін ұсыныстар қабылданды. Бұл ретте қылмыстар туралы арыздармен жүгінген азаматтардың арасында SMS-дауыс беру өткізуді қоса алғандағы әлеуметтік сауалнама мәліметтерін кеңінен пайдалану ұсынылды. Сонымен қатар, Асхат Дауылбаев Мемлекет басшысы тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді, ағымдағы жартыжылдықтың аяғына дейін қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды жүз пайыздық тіркеуге қол жеткізуді талап етті. Ал есепке алу-тіркеу тәртібін бұзу және қылмыстарды жасыру орын алған жағдайда уәкілетті органдардың өңірлік бөлімшелерінің басшыларын лауазымнан босатуға дейінгі дербес жауапкершілікке тартуды күшейту қажеттігін атап өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 наурыз 2013, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.