Атырау, 11 желтоқсан 02:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Бас тартуға болмайтын мұра

3 796 просмотра

«Бергейдің» жұмыс әдісі туралы әлі де ұзақ айтуға тура келетін секілді. 27 наурызда облыстық прокуратураның соңғы алқасында 2008-2012 жылы облыстағы спорт нысандарын салу барысында жіберілген заң бұзушылықтар туралы әңгіме қозғалды.

Жалпы, мұндай әдістер барлық жерде әлеуметтік нысандар салу кезінде қолданылады деген күдік бар. Жүйені өзгерте алмайсың ғой.

Сонымен, облыс прокурорының көмекшісі Гүлжан СҰЛТАНОВАНЫҢ айтуынша, барлық спорттық нысандар құрылысы жобалау-сметалық құжаттарсыз басталған. Ал ол дайын болғаннан кейін сметалық құны негізсіз, күрт өсіп кеткен. Алайда мердігерден бөлінген қаржылардың жетіспейтіндігі туралы ұсыныстар түспеген және сараптама да жүргізілмеген.

Облыстық құрылыс басқармасында да, аудандық әкімдіктерде де көп заң бұзушылықтар жіберілген. Басқарма, заңға қарамастан, аудандық әкімдіктерге нысандарды салу үшін жер бөлу туралы ресми өтінішпен шықпаған, ал аудандық әкімдіктер, тиісінше, жер телімдеріне іріктеу жүргізбеген.

Алқада салынған нысандардағы заң бұзушылықтар түсірілген бейнеролик көрсетілді. Атап айтқанда, Мұз сарайында сумен қамту жүйесі жоқ, ғимарат төңірегіне 125 метрлік қоршау салынбаған (бұған 9 млн теңгеден астам сома бөлінген), аумақ көгалдандырылмаған. Шатыр жабындысын таңдау кезінде қаржыны үнемдеу шатырдан су кетуге және құрылымның деформациялануына әкеп соқты, шатырдың опырылып құлау қаупі бар.

Бұдан басқа, Мұз сарайында да, № 1-ші және 2-ші Олимпиадалық резервтегі мектепте өрт сөндіру гидранттары пайдалану үшін жарамсыз, ал дабыл қағу жүйесі істен шыққан. Ал нысандарға күн сайын ересектер мен балалар келеді. Облыстағы барлық аудандарда салынған спорт алаңдарынан көптеген кемшіліктер анықталды.

Мұз сарайының директоры Болат МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ айтқандай, проблемалар ғимарат пайдаланыла бастағаннан-ақ орын алған. Алдымен жел шатырдың бір бөлігін жұлып алып, содан кейін шатыр жабындысының бойында жарықшақтар пайда болған.

Гүлжан СҰЛТАНОВА белгілі фактіні мәлім етті: белгілі бір мердігерлер конкурс жеңімпаздары деп танылған. Атап айтқанда, 35 спорт алаңы мен 11 әлеуметтік нысандарды салуға мердігерлік жұмыс алған «СнабОйлСтрой» ЖШС аталды.

Қабылданған құрылыс нысандары мен салынып жатқан нысандарды бақылау өлшемдері көрсеткендей, мемлекетке жалпы сомасы 68 млн теңге зиян келтірілген.

Бұрынғы басшылықтың жасаған айыбы үшін құрылыс басқармасының жаңа бастығы Болат НҰРҒАЛИЕВҚА (суретте) жауап беруге тура келді. Ол бұрынғы мердігерлер тастап кеткен 35 спорт алаңынан басқа, өзге де салынып бітпеген нысандар – кәріздік-тазарту құрылғысы, киноконцерт залы, Алмалыдағы лагерь бар екенін еске салды.

– Ол кезде біз болған жоқпыз ғой,– деп ақталды Нұрғалиев.

– Осы жердегі бәріміз де жаңадан келген адамдармыз. Ал сізді жіберілген заң бұзушылықтарды жою үшін қандай шара алып жатқаныңызды білу үшін шақырдық. Бұл жерде барлық заңдар бұзылған, - деді прокурорлар.

Құрылыс басқармасының өкілі өз ведомоствосының тарапына айтылған айыптаулардың бір бөлігін, атап айтқанда, Мұз сарайына арналған жабдықтардың толық жеткізілмегендігі туралы мәселені, бастапқыда, 2009 жылы нысанды тапсыру кезінде барлығы орнында болған деп, қабыл алмады:

– Ол жерде үш рет сарай басшылығы ауысты. Бәлкім, сол кезде мүлік те жоғалған шығар. 16 сорғысыз қалай мұз пайда болады? Қабылдау актісіне қол қоюдың керегі жоқ еді, - деді ол. – 9 млн теңгелік аталмыш қоршау да орнында болды, ол кейін жоғалып кетті. Өрт сөндіру гидранттары мен дабыл жүйесінің күмәнді сапасына келер болсақ, бұл жабдықтарды комиссия құрамына кіретін ТЖ және өртке қарсы күрес қызметінің өкілдері тексеріп, қабылдайды. Сондықтан бұл жабдықтардың неліктен жұмыс жасамайтынын түсінбей отырмын.

Облыс әкімінің орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВ техникалық қадағалау қызметінің қолынсыз бюджет қаржылары аударылмауы тиіс екендігін еске салмайынша, техникалық қадағалау өкілі де сенімсіз түрде ақталды.

– Ал бұл ақшалар қайда енді? Салынып бітпеген нысандар үшін кім жауап береді? Қалай салып бітіресіздер? – деп, қыспаққа алды прокурорлар. 

– Нұрсаядағы ДСК құрылысына бақылау қалай жүргізілген? Темір-бетонды құрылымда 20 см-дей ауытқулар бар екені көзбен қарағанның өзінде көрініп тұр, -деп сұрақ қойды Шәкімов.

Жалпы, сұрақтар көп болды, бірақ оған берілер жауап жоқ. Неліктен екені де анық. Бұл адамдар тапсырыс берушілер мен мердігерлерді ұрлаған жеңімпаздарды соттамайтын өзгенің ойынында қолжаулыққа айналған жандар. Ал жеңімпаздар қашып кетті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.