Атырау, 27 желтоқсан 07:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қорқорға тыйым салынды

3 183 просмотра

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 14 наурызда Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда, соның ішінде клубтарда, мейрамханаларда, кинотеатрларда, сонымен қатар жаппай демалуға арналған кез келген жабық орындарда қорқор (кальян) тартуға тыйым салыпты.

Қоғамдық тамақтану орындарына жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері тыйым салуға себеп болды. Шылым түтіктерінен, қорқор сұйықтықтарынан және олардың ыдыстарынан денсаулық үшін қауіпті ішек және көкіріңді таяқшалар, алтын стафилококк, ашытқылар мен грибоктар табылған.

Атыраудағы ойын-сауық орындарының қожайындарына жүргізілген шағын блиц-сауалнама әзірге оларға ешқандай хабарлама түспегенін, ал тыйым салу туралы жаңалықты олардың әртүрлі қабылдағандықтарын анықтады.

Біз үшін қорқор негізгі табыс көзі емес, - деп бөлісіпті қаладағы көңіл көтеретін танымал орындардың бірінің қожайыны. – Тыйым туралы біз интернеттен 14 наурызда білдік. Ескерту хабарламасын күтпестен, бұл қызметті менюден алып тастадық. Барлық қорқорлар қазір буып-түйіліп, қоймаға жіберілді.

Қорқор әуесқұмарларының жас құрамы қандай?

– 18 жастан шамамен 35 жасқа дейінгі аралық,– деп жауап беріпті мейрамханалардың бірінің қожайыны. – Жоғары жастағы жандар қорқорға қауіппен қарайды.

– Тыйым сіздің бизнесіңізге зиянын тигізді ме?

– Әзірге тигізген жоқ. Біз келушілерге қорқор ұсынамыз, өйткені бізде мұны жасауға тыйым салатын құжат жоқ.

– Зерттеу нәтижелері денсаулық үшін зиянды жұқпалы індеттер көп екенін көрсетті.

– Бұл гигиена мәселесі ғой. Біз бұған қатаң қараймыз. Қазір қорқорлардың бәрінде бірдей бактериялар толып тұр деп айтуға болмайды ғой... Шырын сыққышты пайдаланғаннан кейін жуады, қорқорды да тазалаймыз. Бос сөз...

Айта кетелік, астаналық эпидемиологтар бұларды қоспағанда, қорқордың әдеттегі шылымнан да зиянды екенін анықтады: аз уақыт тартқанның өзі бауырды, өкпені, бүйрек пен жүректі зақымдайды екен. Бұдан басқа, қорқорға пайдаланылатын шылым қоспасында темекіге қарағанда никотиннің 10, кейде 40 есе көп болатынын зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.