Ауаны ластағаны үшін «АМӨЗ» ЖШС мен «НефтеСтройСервис ЛТД» ЖШС-не жалпы сомасы 5 880 960 теңге айыппұл салынды. Бұл көмірсутектердің, көміртек тотығы мен көмірсутектердің шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуін тіркеген мониторинг нәтижесі.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭБД) Атырау тұрғындарынан шағым көп түсуіне байланысты түнде атмосфералық ауа сынамалары алынғанын хабарлады. Жұмыс Атырау қаласы аймағының 29 нүктесінде және Жылыой ауданы Құлсары қаласы аумағындағы 17 нүктеде жүргізілді.
- Атырау қаласында 15 сынамада (0,3%) және Құлсары қаласында 4 сынамада (0,1%) зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мөлшері асып кеткені анықталды, - деп хабарлады СЭБД. АМӨЗ үшін айыппұл 3 430 560 теңгені, ал «НСС» үшін 2 450 400 теңгені құрады.
Айнұр САПАРОВА