Атырау, 25 сәуір 19:40
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Құрманғазы ауданында мұнай өнімдерінің төгілуі туралы ақпарат тексерілуде 

1 359 просмотра

24 қараша күні кешкісін Whatsapp мессенджері мен әлеуметтік желілер арқылы Құрманғазы ауданындағы Сүйіндік ауылдық округіне қарасты «Ыдырыс» қыстауының маңында мұнай өнімдеріне ұқсас төгілген сұйықтықтың бейнежазбасы тарай бастады. Аталған жерде «Смарт Ойл» ЖШС барлау-бұрғылау жұмысын жүргізеді, - деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ақпаратты тексеру үшін Сүйіндік ауылдық округінің әкімі, учаскелік полиция инспекторы және бейнеролик таратқан жергілікті тұрғын көрсетілген жерге барды. Батырбек ауылынан 8-9 шақырым жерде («Смарт Ойл» ЖШС барлау-бұрғылау жұмысын жүргізіп жатқан жер) мұнай өніміне ұқсас, жалпы ауданы шамамен 50 шаршы метр болатын қара сұйықтықтың төгілген орны анықталды. 

Бұл дерек бүгін таңертең, 25 қарашада аудандық полиция бөлімінде тіркелді, жедел-тергеу тобы оқиға орнына кетті. Барлық жағдай анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. 

«Смарт Ойл» ЖШС 2022 жылдың тамыз айынан бастап «Ыдырыс» қыстауына жақын маңда барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 қараша 2022, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.