Атырау, 4 қазан 06:23
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Тоқаев "азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды" деген мәлімдемеге жауап берді

890 просмотра

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімі басталды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Шара барысында Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады.

"Қазақта "Егемен болмай, ел болмас" деген терең мағыналы сөз бар. Кейде "Азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды, еліміз тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялады" деген біржақты, үстірт тұжырымдар айтылып қалатыны жасырын емес. Бұл - сол кездегі жағдайды дұрыс бағамдай алмаған адамдардың сөзі.
Шын мәнінде, егемендікке бастайтын қасиетті жолды халқымыз ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Ел ағалары және зиялылар ұлттың санасын сақтау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Елдің рухын көтеретін астарлы көркем шығармалар жарық көрді. Ұлтымыздың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді", - деді Тоқаев.

22 қазан 2022, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.