
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы мемлекет басшысының қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Ақорда.
Құжатқа сәйкес, жеті адам мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Олар:
Ақын Жайлыбай Ғалым – "Ай таңбалы арғымақ" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
Режиссер Жақыпбай Нұрқанат – "Жібек" мюзиклі үшін;
Әнші Кенжеғали Мыржықбай– "Жүрегім, нені сезесің? " концерті үшін;
Жазушы Тұрыспек Сәукетаев – "Желқайық" романы үшін;
Жазушы Кәдірбек Сегізбай – "Тағдыр толқыны" романы үшін;
Мүсінші Сембіғали Смағұлов – "Үш арыс" мүсіндік композициясы үшін;
Композитор Секен Тұрысбек – "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін;
В Атырау 0