Атырау, 4 қазан 06:27
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Тіркелу қажет: ІІМ жаңа SMS хабарламаларды түсіндірді

738 просмотра

ІІМ 21 қазаннан бастап тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға SMS-хабарламаларды жіберуді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Eгер сізге осындай SMS-хабарлама келіп түскен болса, онда ІІМ дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелу қажет. Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайту (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін) болып табылады. 

Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған (“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы). 

Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі “Электрондық үкімет” порталында, сондай-ақ “Halyk Bank” АҚ-нің – “Halyk Homebank” мобильді қосымшасында қолжетімді. Сіз өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңізді порталдағы “жеке кабинетте” (eGov.kz) немесе “eGov mobile” мобильді қосымшасында тексере аласыз.

21 қазан 2022, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.