Атырау, 29 қараша 07:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мұнайлы немен ластанды?

1 436 просмотра

Facebook әлеуметтік желісінде Жылыой ауданы Мұнайлы ауылындағы Сарыбұлақ учаскесінің мұнай өнімдерімен ластанғаны айтылған видео тарады.

Экологтар бұл туралы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтады. Осы бейнежазбаның негізінде Атырау облысы бойынша экология департаменті, Батыс жер қойнауы инспекциясының Атырау облысы бойынша инспекциясы, Жылыой аудандық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің қатысуымен комиссия құрылды. Мамандар ластанған жерден сынама алды. Қазіргі уақытта тексеру және кінәлі тұлғаларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы бойынша экология департаменті жолдаған сурет

20 қазан 2022, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.