Атырау, 4 қазан 08:16
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қытайдың автокөлік брендтері Қазақстанда зауыт ашуға қызығушылық танытуда

1 043 просмотра

Hyundai компаниясы Қазақстанда зауыт ашқысы келетін қытайлық үш автомобиль брендімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейінгі баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл тұрғыда Қытайдың танымал брендтері қамтылмақ. Олар Hyundai компаниясымен бірге зауыттар ашуға қызығушылық танытып отыр.

Сонымен қатар Қ. Өскенбаев елімізде көлік алуға төмен пайызбен несие беру бағдарламасы аясында қалыптасқан кезекке қатысты пікір білдірді.

«Осы орайда елімізде шығарылатын көлік санын арттырып жатырмыз және отандық өндірістегі автомобильдерге сұраныс өсіп келеді. Атап айтқанда, елімізде шығарылатын көлік санын әлі де көбейту керек», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қайырбек Өскенбаев елордадағы LRT құрылысына қатысты пікір білдірді.

17 қазан 2022, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.