Атырау, 25 қараша 14:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қара тізімге алу керек

1 672 просмотра

Облыстық прокуратура атқару құжаттары бойынша бюджетке түсетін сомалардың азайғандығын атап отыр.

- Атқару істерін тексеру жұмыстары заңға қарамастан көбінесе сот орындаушы мен арыз беруші арасында бейбіт келісім жасалатындығын көрсетіп отыр. Алайда заңнамада істің мұндай санаттары бойынша тараптардың ымыраға келуі қарастырылмаған. Бұл заңнама бұзушылықтың бір мысалы боп табылады. – деп атап өтті облыс прокурорының аға көмекшісі Нұрсұлтан САППАЕВ мәжбүрлеп атқару жүйесін қалыптастыру жөніндегі республикалық тұжырымдама жобасын талқылауға арналған кеңесте.

Бірқатар жағдайларда төлемдерді өндіріп алуға қол жеткізу өте қиын болады. Борышкерде мүліктер мен табыс болмаған жағдайда, сот орындаушылары құжаттарды өндіріп алушыға қайтарады. Өйткені олар борышкерге ешқандай ықпал ете алмайды. Қазір Сот актілерін орындау жөніндегі департаментте салық органдарының 54 млн теңгеден астам соманың 963 атқару құжаттары, жол полициясының 199 млн теңгенің 5366 құжаты, ІІД-нің 1 млн теңгеден астам болатын 451 материалы бар.

Сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары Гүланда ҚЫСТАУБАЕВА өз сөзінде мемлекеттік органдардағы өзара байланыстың жоқтығына шағымданды:

- Істер жылдан жылға көбеюде, қызметкерлер жетіспейді. Істерді бізге кешіктіріп жібереді, қалай-солай ресімделген істердің бәрін қоқыс себеті секілді департаментке лақтырады. Кәртішкелер дұрыс толтырылмаған, ЖИН де, мүлік туралы деректер де, борышкерлердің есепшоттары да – ештеңе көрсетілмеген істер бар. Алайда, салық қызметінің, мәселен, осы мәліметтерді оңай анықтап, бізге хабарлауына болар еді. Бір іске кірісе бастасаң, айыппұлдардың төленгенін немесе еңбекақының төленбегеніне қатысты жағдайда, осы уақытта кәсіпорынның жабылып қалғанын, оның есепшоты жойылғанын бір-ақ білесің.

Салық қызметінің өкілі, Алматыны үлгі ете отырып, бүкіл мемлекеттік органдардан борышкерлер туралы мәліметтер түсетін бірыңғай ақпараттық база құруды ұсынды. Белгілі бір адамның түрлі салада борышы болуы: алиментті, көлік салығын, жол полициясы немесе қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесі бойынша салынған айыппұлдарды төлемеген болуы мүмкін. Қазір бәрін әрбір мемлекеттік органнан жеке-жеке анықтауға тура келеді.

- Әр демалыс сайын біз қаланың белгілі бір ауданында жұмыс істейміз. Департамент өкілдері рейдтерге қатысып, өз борышкерлеріне бара алады, - деп ұсыныс айтты ІІД өкілі.

Бүкіл ұсыныстар әділет министрлігіне жолданбақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.