Атырау, 4 қазан 16:51
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

«Қара алтынның» ғасырлық шежіресі

4 750 просмотра

Сурет pressclub.kz сайтынан алындыСурет pressclub.kz сайтынан алындыЖұма күні, 15 наурызда ТШО-да Равиль ШЫРДАБАЕВТЫҢ «Қазақстан мұнайы. Ғасырлық тарих» кітабының тұсаукесері өтті. Оған Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, мұнай және газ вице-министрі Болат АҚШОЛАҚОВ, «ТШО» бас директоры Тим МИЛЛЕР қатысты. Тұсаукесер «Теңізшевройлдың» 20 жылдығына орайластырылған.

– Қазақстан мұнайының жүз жылдан астам тарихын қамтитын барлық негізгі оқиғалар ауқымды ғылыми-тарихи материалдарға негізделген. Кітап сирек мұрағаттық мәліметтер мен көрнекі материалдарға толы. Оның мұнай-газ секторы мамандарының ғана емес, Қазақстан мұнайының тарихын білгісі келетін барша оқырманның қызығушылығын тудырары сөзсіз. Бұл мұнайшы мамандығын таңдаған қазіргі студенттер үшін өте бағалы, - деді өз сөзінде ТШО бас директоры Тим МИЛЛЕР. – Равиль Шырдабаев ТШО-ның алғашқы директоры болды. Оның кітабы – біздің компаниямыздың және Қазақстан өнеркәсібінің дамуына оның тұрақты үлес қосып отырғандығының айғағы. Бұл кітаптың жарыққа шығуы ТШО-ның 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. 1993 жылы ТШО Теңіз жобасының операторы болды. Ол өз кезегінде ҚР-ғы мұнай-газ өнеркәсібінің іргетасы боп табылады. Болашақта кеңею жобасы Қазақстанның әлемдегі жетекші мұнай өндірушілердің біріне айналуына көмектеседі.

Кітапқа басқа да сөз алушылар осыcынды баға берді. Олардың қатарында ресми тұлғалардан басқа, мұнайшы ардагерлер де болды.

Бенефистің соңында еңбек сіңірген ардагер Есен ТАСҚЫНБАЕВ Равиль Шырдабаевтың кітабын ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсыну туралы ұсыныс білдірді.

Тұсаукесер алдында мен де кітаптың сыйлыққа берілген данасын – үлкен, 400 беттей болатын қатты, қымбат мұқабасы бар жылтыр кітапты алған едім. Бұл кітаптың шынымен де оқушылар, студенттер, мұнайшылар және еліміздің тарихына қызығушылық білдіретін барша үшін пайдалы болатын риясыз ғылыми жұмыс екені сөзсіз.  

Алайда автордың жеке тұлғасын ескеріп, кітаптан оның, әсіресе, облыс әкімі, министр, ТШО директоры боп жұмыс жасап жүрген жылдардағы өмірбаянын табамын деу бекершілік. Бұл естелік жанры емес, академиялық сипаттағы еңбек. Автордың айтары көп екендігі даусыз. Осыдан 20 жыл бұрын біздің еліміз үшін талаушылық боп табылатын Өнім бөлінісі туралы келісімнің Шевронмен қалай жасалғанын бұл адам басқалардан артық біледі.

Кітапта осы оқиғаға тұтас – «Ғасыр келісімшарты» деген тарау арналған. Автор КСРО-ның құлауына байланысты сол жылдардағы айтулы оқиғаларды суреттей отырып, Қазақстанның Одақ кезіндегіден де қатаң шарттар қойғанына қарамастан, президенттің американдықтармен жеке-дара келіссөз жүргізіп, келісімшарттың жасалуына қол жеткізгенін әңгімелейді. Сол тарауда автор өзі туралы: «1993 жылы 6 сәуірдегі Президенттің жарлығымен қазақстандық тараптан «ТШО» БК директоры болып, сол кезде «Теңізмұнайгаз» бірлестігінде басшылық лауазымдардың бірінде қызмет атқарған Р. Т. Шырдабаев тағайындалды» деп, үшінші жақта әңгімелейді.

Автор еліміз үшін маңызды оқиғалардың куәгері ретінде оларға ешқандай жеке баға бермейді. Бұл түсінікті де, өйткені мұнай - қашан да саясат.

…Ресей империясы заманында «Ағайынды Нобельдер серіктестігінің» Жем алабынан мұнайды барлау, бұрғылау және өндіру жұмыстарын қолға алған кездегі оқиғаларды баяндай отырып, автор мұнай кәсіпшілігі жұмысшыларының тұрмысын суреттейді: «Сауатсыз, қажыған қазақтар ең ауыр жұмыстарға салынып, азапты еңбектері үшін тиын-тебен ғана алды. Ауыр еңбек пен тұрмыс жағдайы жұмысшылардың ашу-ызасын тудырып, қақтығыс, ереуіл, жалпыхалықтық митинг түріндегі ашық наразылықтарын тудырды...».

Содан бері жүз жыл өтті…

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

19 наурыз 2013, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.