Соңғы уақыттарда Украина мен Ресей арасындағы соғыс Ресейдің мемлекеттік құрылымы ғана емес, территориялық тұтастығына қатысты да мәселелердің шетін шығарды. Федерация есебінде орыс билігіне бас сүйеп келген Татарстан мен Башқұртстанның тәуелсіздік алуға құлшынысы артқаны байқалады, депхабарлайды Адырна сайты.
«DALA INCIDE» telegram-арнасы бұған қатысты:
Татарстан мен Башқұртстан басшылары тәуелсіздік алуды астыртын зерттеу үшін кеңес жүргізді, деп жазды.
АҚШ "Stratfor" жеке барлау орталығы арқылы қос республикадағы халықтың ұстанымын зерттеуге ден қойып отыр. Сарапшылар қазірде татар мен башқұрттың Ресейден бөлінуі үшін қажетті факторларды атады. Олардың ішінде: халық қолдауы, ұлттық бірегейлік, күштік құрылым мен БҰҰ, ТМД сынды халықаралық ұйымдардың ықпалы және Қазақстанмен шекараласуы сынды факторлар бар.
Халықаралық сарапшылар 1925 жылға дейін Орынбор Қазақ АССР-ы астанасы болған тұстарда қазақ-башқұр шекарасы болғанын жақсы біледі. Кейіннен Қуандық және Гай аудандарын Ресейге қосып, бауырлас ұлттардың арасында "саяси дәліз" жасалды.
Қазақстан сыртқы доктринасына сай Ресейдің Орынбор облысын Ресейдікі деп мойындайды. Сондықтан Ресейге қарсы соғыс ашуы екіталай. Татарстан бен Башқұртстан ортақ күш салып, Гай және Қуандық аудандарын қарулы жолмен өздеріне қаратса, олар Қазақстанмен ортақ шекараға шыға алады. Сыртқы елмен ортақ байланысы болмаса, татарлар мен башқұрлардың бір күн де тәуелсіз болып тұруы мүмкін емес, деп жазады Scifnews порталы.
Stratfor Татарстан мен Башқұртстанның егемендігіне қатысты қорытынды шығару үшін, ең алдымен, халықтың әлеуметтік көңіл-күйін зерттеуге күш салмақ.