JANAOZEN.NET. «Даулы хатты 151 адамның бірі көрмеген болып шықты» - darhan72@list.ru электрондық поштасынан Дархан Кобаев деген аттан жіберілген бұл хат бүгінгі таңда қоғамда үлкен наразылық тудырды. Хат жіберілген электрондық пошта қазір жойылған. Сондықтан бұл хатты кім, не үшін, қандай мақсатта жібергенін енді анықтау мүмкін емес те шығар. «Ел болашағына алаңдаймыз!» деп аталатын ашық хатта қазақ халқының өзекті мәселелері көтеріліп, соныңда қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты өзінің мұрагері ретінде Астана қаласы әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қалдыру жөнінде ұсыныс білдіріп, оны көпішілікті қолдауға шақырады.
SERKE.ORG. «Ашық хат жазған қандай «сволочтар»?» - Бүгін интернетте зиялы қауым мен қоғам қайраткерлерінің кезекті Ашық хаты жарияланды. Жүз елуге жуық адам қол қойған Ашық хаттың нақты кімге арналғаны белгісіз. Бірақ екіұшты ой қалдыратын мәтіннен хаттың ҚР президентіне немесе жалпы халыққа арнап жазылғаны байқалады. Хатта Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі тақ мұрагерін тездетіп анықтаудың маңыздылығы, ол орынға Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың лайықты екені, соған қолдау білдіру керектігі айтылған. Дегенмен, ашық хат интернетке шыға салысымен, оған қол қойғандар хатты жазбағанын, хат мәтінімен таныспағанын, оған қол қоймағандарын айтып, туалай бас тартып жатыр.
«40-тан жасы асқан адам қоғамға керек емес пе?» - Білікті депутат өзінің халықаралық тәжірибелерді де зерттегенін көлденең тартады. Еңбек жөніндегі халықаралық ұйымның зерттеуіне қарағанда егде адамдардың еңбек өнімділігі жастардан төмен деген тұжырым мүлде қате екен. Ал жоғары дамыған елдер адамды жасына қарап еңбек ету құқығын бұзғандарға қатаң шаралар қолданатын көрінеді. Мәселен, Францияда осындай заң бұзушылық жасаған жұмыс беруші 2 айдан 1 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. АҚШ-та 40 пен 65 жас аралығындағы адамдардың еңбек ету құқын қорғау үшін арнайы заң шығарылыпты. Адамды жас мөлшерін шектеу арқылы жұмысқа қабылдайтындығы туралы хабарландыру ілген жұмыс беруші болса Жаңа Зеландияда бірден қылмыскер атанады.
AIKYN.KZ. «Қазақстандықтар неге көп ажырасады?» - Отбасылардың «өмір сүруін» тоқтатуына тұрмыстық мәселелер, соның ішінде қаржылық-экономикалық жағдайлар қуатты ықпал етеді. Кейбір әйелдер ішкілікке салынып, жанұяға табыс әкелмейтін отағасынан кетіп жатады. Әйткенмен, «мемлекеттегі экономикалық жағдай көтерілген сайын халық арасындағы неке бұзылуының да артатындығы» жөнінде қызықты тұжырым бар. Оған сәйкес, табысы молайған көптеген отағасылар өзге нәзік болмыс иелері арасынан бір, тіпті бірнеше нақсүйер «ұстай» бастайды екен. Бұл әрине, кей жағдайда ажырасуларға әкеледі.
EGEMEN.KZ. «Әлем экономикасы әлі тығырықта» - Ғалымдардың айтуынша, қазіргі дағдарыс салдарынан жаһандық экономиканың қозғаушы күші болып табылатын АҚШ пен Еуропалық одақ мемлекеттерінің мүмкіндіктері сарқылып, зіл батпан жүк артылған үлкен құрамды орнына қозғалта алмайтын қауқарсыз локомотивке ұқсап қалған. Салыстырмалы түрде соңғы жылдары экономикалық дамудың алдыңғы қатарына шыққан Қытай, Үндістан, Бразилия және Ресейдің әлемдік экономиканың дамуына жаңа қарқын беруге шамалары жетпейді.
«Ауылдағының аузы сасық па?» - «Ауылдағының аузы сасық» дейтін ыңғайсыз мақал бар еді. Шетелдік компаниялардың осы мақалды мықтап ұстанатынын көріп отырмыз. Біздің қазба байлығымызды игереді, табыс табады. Ал отандық маманға шекесінен қарайды. Енді осыны әділетті деп көріңіз. Әлде жалпақшешейлігімізді жәйгөйлене пайдаланып отыр ма? Не десеңіз де мұның соңы еңбек дауына ұрындырмай қоймайды. Сондықтан, құзырлы орындар дер кезінде шара қабылдап, бір тосқауыл қоймаса болмайды.
HALYKSOZI.KZ. «Туыстас елдер бір ту астына біріге ала ма?» - Cолтүстік Кореяның сыртқы сауда банкіне санкция салды. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Томас Данилонның мәлімдеуінше, КХДР Сыртқы сауда банкі жаппай қырып жоятын қару шығаруды қолдап келген. Ендігі жерде бірде бір ел, көршілес Қытай да басқаларға қауіп төндіріп отырған елмен еркін сауда жасай алмайды. Кей мәліметтерге қарағанда, Солтүстік Кореяның ядролық қуаты бес килотоннаға барады екен.
QAMSHY.KZ. «Қазақ киносы: экшн жанры ұлттық мұраттарды ұмыттырып жібермей ме?» - Мысалы, «Келін», «Қарой», «Махаббат тәлкегі», «Ойпырым-ай», «Қайрат – чемпион», «Әке қорлығы», «Тюльпан» фильмдерінде ұлттық көрініс былай тұрсын, қайсы ұлттың киносы екендігін ажырату қиын. Кейбірінен мүлдем ұлтымызға жат көріністер көрсек, кейбірінен мүлдем мазмұн мен актерлік шеберлік дегенді таба алмаймыз. Ол фильмдердің қазақтың салтында жоқ дәстүрлерді насихаттап, азғындықты, арсыздықты көрсету арқылы халықтың санасын бұзбаса, түзейтіндігі мүмкін емес нәрсе.
ABAI.KZ. "Мұхтар Шаханов: «Мұндай хатқа біз қол қойған жоқпыз»" - Интернетте «Ел болашағына алаңдаймыз» деген тақырыпта арандатушы ашық хат пайда болды. Хатта ел Тәуелсіздігіне қауіп төндіріп отырған Кедендік одақ, АЭС, Мемлекеттік тіл, көші-қон, жемқорлық мәселелері дей келіп, «Бұл - келесі президенттің кім болатынына байланысты өте маңызды мәселе» деп көрсетіп, билік ауысқан жағдайда Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің Президент болуына халықты жан-жақты қолдау көрсетуге шақырған. Хаттың соңына Мұхтар Шаханов бастаған зиялылардың рушылдыққа, латына әліпбиіне қарсы жазылған ашық хаттарда қойылған қолдарды көшіріп бере салған.
MASA.KZ. «Наурыз. Колбинді көндірген кім еді?» - Ата-бабадан жалғасып келген бұл Наурызға 1926 жылы Кеңес өкіметі ресми тыйым салған. Тек араға 62 жыл салып, 1988 жылы Мұхтар Шаханов бастаған бір топ ұлт зиялыларының арқасында Наурыз қазаққа қайта оралып еді. Содан бері 22 жыл өтіпті. Сол кезеңде уақыттың тығыздығын сылтау еткен Колбинге «Наурызды 22 сәуірде тойлайық» деген уәж де айтылғанын бұл күнде біреу білсе, біреу білмес.
BAQ.KZ. "Айдос Сарым, саясаттанушы: «Президентке қарсы адамдардың бірігуін қаламаймын»" - "Негізгі оппозицияны қолдайтын топ, оның демеушісі халық болу керек. Ал, бізде партиялардың басы-қасында жүргендер халық емес, санаулы тұлғалар. Жалпы, халық партияларға мүше болып, жыл сайын кем дегенде жүз долларын беріп отыруы тиіс. Ақшалай бермесе де басылымына жазылып, жұмыстарына атсалысу деген секілді. Алайда, біздің ұлттың болмысы басқа, біз батырды күтіп отырамыз. Ал, партияда жүргендер қалталы азаматты күтеді. Бұл жарамайды, өзгеруіміз қажет. Партияға келген адам үш нәрсе ұсынуы керек: не ақшасын, не идеясын, не өз жұмысын. Өкінішке қарай, бізде алдымен қаржы пайда болады, кейін соған ыңғайластырып лидер пайда болады".
AZATTYQ.ORG. «"Назарбаевтың ізбасары туралы үндеу" тарады» - Біреулер ұйымдастырып отыр ғой деймін сырттан. Бірінші рет естіп отырмын. Мен ешқандай хатқа қол қойған жоқпын. Бұл - біреудің ісі, кім екенін табу керек. Тапса, сотқа беруге болады оны, - дейді «тізімге енген» Мұхтар Шаханов.
«Референдум өткізу жөнінде ынталы топ бекітілді» - Алматыда референдум өткізу жөнінде жалпыреспубликалық жиын өтті. Онда Қазақстанның Кеден одағынан шығуы, жекешеленген банкі мен кәсіпорындардың кейбірін мемлекетке қайтару, АЭС және ядролық қалдық банкін салуға қатысты референдум өткізу мәселесі талқыланды.
"Шенеуніктің байқамай айтқан сөзінен «виза қозғалысы» басталды"
ZHEBE.COM. "Талантсыз саяси технологтардың талғамсыз «фокус қойылымы»" - «Ақ жол» оппозиция ма? Нұр-Отаннан аяқ асты жеріген Перуашев неге бірауыздан оның төрағасы болды? Ол кейін кімдерді «лақтырды»? Азаттың қазақшылдығы, ұлтқа жаны ашырлығы қандай? Ол кімнің сойылын соғушы? Оның саяси болашағы қашанға дейін жалғасуы мүмкін? Бұл сұрақтар бізді онша қызықтырмайды. Себебі, қоғам бұны әлдеқашан талқылып, халық өзіндік көзқарасын білдіріп қойған. Өйткені, жасанды дүниеде оншалықты құпиялық бола қоюы екіталай.