Атырау, 29 қараша 14:38
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырау мұнай өңдеу зауытын «түнгі иіс» бойынша емес, шілдедегі апатты түрде тоқтауына қатысты тексеріп жатыр

1 599 просмотра

31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні қалада жағымсыз иістің тарауына байланысты Атырау облысы бойынша экология департаментіне «Қазгидромет» РМК Атырау филиалы ұсынған ауа сапасын бақылау станцияларының мәліметтерін талдау нәтижелері туралы белгілі болды.

Атмосфералық ауада күкіртсутегі көрсеткішінің бірнеше есе асу дерегі тіркелді. Сондай-ақ, жағымсыз иістің Атырау мұнай өңдеу зауыты жақтан жел бағытымен келгені анықталған.

– Мәселен, №109 «Восток» станциясында 5,3 есе, №103 «Шағала» станциясында 5 есе, №112 «Әкімдік» станциясында 3,2 есе, №114 «Загородная» станциясында – 3,9 есе және №108 «ТКА» станциясында – 9,23 есе ШРК (шекті рұқсат етілген концентрация) асқаны тіркелді, – деп хабарлады облыстық экология департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім ҚАДЫРОВА.

Бұдан басқа, департамент 31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні желдің бағыты оңтүстік-шығыстан, ауа температурасы 4 м/с, ылғалдылық 760, ауа температурасы +32 С болғанын, бұл бағытта «Атырау МӨЗ» ЖШС нысандары орналасқанын хабарлады.

Айта кету керек, «АЖ» сайтында жарияланған Экология министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында дұрыс айтылмаған: экологтар Атырау мұнай өңдеу зауытында шынымен де жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Бірақ тұрғындар шағымдаған «түнгі иіске» қатысты емес, 27 шілдеде зауыттың апатты тоқтауына және газдың алауда жағылуына байланысты.

Түнгі шығарындыларға келетін болсақ, А.Қадырованың айтуынша, «тексеріс жүргізу үшін департаментке ешқандай арыз түспеді, әлеуметтік желілерде жарияланған шағым Кәсіпкерлік кодекс талаптарына сәйкес тексеріс ашуға негіз болып табылмайды».

Ал Атырауды жағымсыз иіс жайлағанына бірнеше күн болды. Тұрғындар жүрегі айнып, әлсіздік басқанына шағымданды. Бұған дейін Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМБЕТОВ мұның мұнай өнімдерінің иісі осы екенін атап өткен болатын.

Айта кету керек, «АЖ» бұған дейін «Қазгидрометтің» ауа сапасын бақылау станцияларындағы ШРК-ның асуы туралы бірнеше рет жазған болатын. Ал оңтүстік-шығыстан (АМӨЗ жақтан) желдің соғуы Атырау үшін үйреншікті құбылыс. Бірақ бұл фактордың бәрін енді ғана біріктіріп отыр.

Айнур САПАРОВА

7 қыркүйек 2022, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.