Атырау, 23 қараша 05:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау мұнай өңдеу зауытында тексеру жүріп жатыр: түнгі иіс сол жақтан шыға ма?

2 984 просмотра

Атырауда бірнеше түн қатарынан жағымсыз иіс жайлап, тұрғындаордың көпшілігі бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына шағымдануда. Осыған байланысты облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастады.

– Бұл мұнай өнімдерінің иісі. Біз Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастадық, қазір біздің қызметкерлер зауытта. Бұдан басқа, зертхана желдің бағыты бойынша атмосфералық ауаны бақылайды. Ал жел қазір оңтүстік-батыс, яғни зауыт жақтан соғып тұр, - деп түсіндірді тексеру нысанын таңдалуын Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМЕТОВ.

Тексеру қаншалықты тиімді болады, бастысы, түндеріміз жағымсыз иіссіз тыныш болатындай нәтиже бере ме, жоқ па, белгісіз. Өйткені, қала тұрғындары ауаны ластайтын әлеуетті көздерге – кәсіпорындарға қанша мәрте тексеру жүргізілгенінен жаңылысып қалды. Ал қалада ауаны ластау жалғасуда.

Еске салсақ, бір ай бұрын департамент Атырау мұнай өңдеу зауытына профилактикалық бақылау жүргізіп, жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам заң бұзушылықтарға айыппұл салған болатын. Атап айтқанда, механикалық тазарту құрылғылары аумағында булану кезінде қаланың атмосфералық ауасына теріс әсер ететін ластаушы заттар бөлінетін ашық типті тұнбалары бар су қоймалары мен тоғандар бар екені; «АМӨЗ» ЖШС 2021-2023 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарының қоршаған ортаға эмиссияларға қатысты тармақтарының бірін орындамағаны және т.б. анықталды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2022, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.