Атырау, 27 сәуір 08:57
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қала тұрғындары жағымсыз иіске қатысты прокуратураға шағымданады

1 685 просмотра

Соңғы кездері атыраулықтар бас ауруы мен әлсіздікке шағымдануда және мұны бірнеше күннен бері түнгі уақытта үнемі қаланы жайлап алатын жағымсыз иіспен байланыстырады.

Экология департаментінің реакциясын күтпей-ақ, қала тұрғындары әлеуметтік желіде бір кездері «Атамекен Эко» қоғамдық қорының басшысы Арман ХАЙРУЛЛИННІҢ халықты өздері қаржы жинап, газ анализаторын сатып алуға шақырғанын еске алды. Бұл идея 2017 жылы пайда болған еді. Қаланы қатты иіс жайлап, бірақ Қазгидромет пен басқа ұйымдардың құрылғылары нормадан асып кету жағдайын тіркемеді. Экологиялық белсенділер Атырау қаласының атмосфералық ауасы ресми кәсіпорындардың датчиктері көрсетіп отырғанда таза болуы мүмкін емес деп, «халықтық газ анализаторын» сатып алу қажет деп ұйғарды. Жабдық сатып алу науқаны қалай аяқталғаны біздің назардан тыс қалған еді.

– Өкінішке қарай, жиналған 200 мың теңгеге жуық қаражат, әрине, жетпеді. Газ анализаторы демеуші есебінен сатып алынды. Жабдықты жыл сайын тексерту керек. Сатып алғаннан кейін екі жылдан соң газ анализаторын Қарағандыдағы осындай қызметке лицензиясы бар кәсіпорынға тексерттік. Бірақ қазір олармен байланыса алмай отырмыз. Газ анализаторының өзі жұмыс істеп тұр, бірақ тексеру куәлігі олмаса, оның көрсеткішінің күші бомлайды, – дейді А.Хайруллин.

Сондай-ақ, соңғы күндері тұрғындардың ауа сапасына шағымданып, табиғат қорғау прокуратурасына жиі жүгінетіні белгілі болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2022, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.