Атырау, 25 желтоқсан 12:17
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Асфальт-бетон зауытының іргеде болғаны жақсы емес

1 716 рет қаралды

Экология департаменті Теңдік елді мекені тұрғындарының «НефтеСтройСервис ЛТД» ЖШС-нің өндірістік базасындағы  асфальт-бетон зауытынан шығып жатырған қара түтінге және жағымсыз иіске қатысты шағымы бойынша санитарлық-қорғаныш аймағынан тыс жерден атмосфералық ауадан сынамалар алды.

Атап айтқанда, көміртегі оксидінің нақты көрсеткіші 27,23 мг/м3 (РЕШШ - 5,0 мг/м3) және көмірсутегінің нақты көрсеткіші 92,8 мг/м3 (РЕШШ – 60 мг/м3) көрсетіп, зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан (РЕШШ) асуы анықталды.

Гигиеналық нормативтердің бұзылуына байланысты экология департаменті пен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тиісті құжаттар жолдады. Бұдан басқа, экологтар «НефтеСтройСервис ЛТД» ЖШС-не жоспардан тыс тексеріс тағайындау жұмыстарын жүргізуде.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 тамыз 2022, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.