Атырау, 24 қараша 10:23
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 184-күн

1 204 просмотра

Еуроодақ Ресейдің Украинаға зымыранмен жасаған соққысын айыптады.

Ресей әскерінің зымыранмен соққы жасаған шабуылынан Украинада кемінде 25 адам қаза тапқан, арасында балалар да бар, деп хабарлайды 

Еуроньюс хабарлауынша, соққы салдарынан теміржол вокзалы мен жер үйлер қирап, ішінде жолаушылары бар вагон да өртеніп кеткен. Ресми Киев Мәскеудің бұл әрекетін Ресейдің тағы бір әскери қылмысы деп бағалады. Соққының астында Чапилно ауылы қалған. Ресей қанды оқиғаның болғанын ресми түрде мәлімдеді. РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше «Искандер» зымыранымен жасалған шабуылдан украиналық 200 жауынгер өліп, әскери техникалар жойылған.

Еуроодақ Украинаның Чапилно ауылындағы жағдайды талқылады. Жосеп Боррель оқиғаны «Ресейліктердің бейбіт тұрғындарға жасаған кезекті шабуылы» деп бағалады. БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Мишель Бачелет өз кезегінде, аталған әскери қылмысты тергеп, кінәлілерді жауапқа тарту керек деді.

«Бейбіт тұрғындар мен қоршаған ортаға орасан зор қауіп туғызған шайқас жарты жылдан бері жалғасып жатыр. Мен Ресей президентін Украинаға қарулы шабуылды тоқтатуға шақырамын. Запорожьедегі зауытты жедел демилитаризациялау қажет», - деді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет.

БҰҰ Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинада 5,5 мыңнан астам бейбіт тұрғынның қаза тапқанын растады, олардың басым көпшілігі Киевтің бақылауындағы аумақтарды атқылау нәтижесінде қаза тапты.

* * *

Зеленский алдағы қыстың газ бағасына байланысты Украина тарихындағы ең қиын мезгіл болатынын айтты.

Ол Еуропада көгілдір отын бағасының 1000 текше метрі үшін 3300 доллардан асып кеткеніне назар аударды. Сонымен қатар мемлекет басшысы мұндай жағдайда Украина билігі қыс мезгіліне дайындықты жеңу үшін барлығын жасауға тырысып жатқанына сендірді.

«Ал бұл қыс мезгілі біздің тарихымыздағы ең қиын кезең болады», - деді саясаткер.

Ол сондай-ақ газдың «аса қауіпті әрі өткір» мәселе екеніне назар аударды.

Жуырда Канада Украинаға жылу беру маусымының басына дейін газ сатып алу үшін қаржылай көмек ретінде 450 миллион канадалық доллар (шамамен 350 миллион АҚШ доллары) бөлетінін хабарлан еді. Ал «Нафтогаз Украины» басқарма басшысы Юрий Витренко компанияның жылу беру маусымына дейін 19 миллиард текше метрлік қоймалардағы қажетті газ көлемін жинақтауы екіталай екенін айтты.

* * *

Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы қазір Киев режиміне жаппай жеткізіліп жатқан батыс қару-жарағының әлсіз тұстары мен технологиялық тұрғыда жетілдірілмегенін дәлелдеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Шойгу 21 тамызда АҚШ-тан Украинаға жеткізіліп жатқан қару-жарақтың барлық дерлік түрі ресейлік мамандардың қолына түскенін мәлімдеді. Олардың қатарында HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесі, Stinger жылжымалы зениттік зымыран кешені, М777 гаубицасы, Javelin мен NLAW танкке қарсы кешендері бар. Украина әскерилері бұл техникаларды жүздеген данада шоғырлану орындарында қалдырып кеткен. Олжалардың арасында натолық броньдалған машина мен ату қару-жарағы көптеп кездеседі.

Сергей Шойгу АҚШ пен НАТО-ның басқа елдері Украинаға тозығы жеткен әскери техника мен қару-жарақ жөнелтіп отырғанын, расында да жаңа техника жоқтың қасы екенін айтты. Қазір ресейлік мамандар батыстық әскери техникаға төтеп беру үшін оларды жан-жақты зерттеп жатыр. Дегенмен, қандай да бір технологиялық жетістік жоқ. Батыс қару-жарағы сенімділігі мен әскери сипаттамасы бойынша ресейлік аналогтардан әлдеқайда әлсіз.

Америкалық Politico басылымының ақпараты бойынша, Вашингтон Украинаға жеткізілетін қару-жарақ бойынша толық ақпаратты жарияламай отыр. Жолданған әскери көмек туралы ақпараттың бір бөлігі құүпия сақталып отыр. Мысалы, AGM-88 радиолокацияға қарсы зымырандарының Украина Әскери-әуе күштеріндегі МиГ-29 жойғыш ұшақтарына интеграцияланғанын бұл қару Донбаста қолданылған соң, Пентагон екі апта өткеннен кейін ғана растады.

"Киев режиміне жария немесе құпия қару-жарақ жөнелту ресейлік арнайы әскери операцияның мақсаты мен қарқынын өзгерте алмайды. Керісінше, ұжымдық Батыстың қару-жарақ жеткізулерін арттыруы арнайы әскери операцияның географиялық аясын кеңейтуге ықпал етеді", - деп жазды Хроленко.

Оның пікірінше, Украина Қарулы күштері үшін Javelin FGM-148 танкке қарсы зымыран кешендері нағыз сәтсіздікке айналды. 2022 жылдың басында Киев режимі жүздеген осы кешенге қол жеткізді, ал 24 ақпаннан кейін тағы жеті мың жеткізілді. Дайындаушы фирма Raytheon жүргізген тест сынақтарының нәтижесі 11 рет атылған FGM-148 зымыранның тек үшеуі стационарлық нысанаға дөп тиген.

Украинадағы әскери іс-қимыл кезінде қолданудың сатистикасы тіпті нашар. Ресейлік танктерге қарсы қолдану кезінде америкалық зымыран қарқынды қорғаныс блоктарын жойып, кейбір бөлшектерге залал келтіргенмен, танктің броньдалған жабыны соққыдан зақымданған жоқ. Экипаж бен машина соғысу қабілетін сақтап қала алды.

Соғыс қызған шақта іске қосу алдында жүргізілетін міндетті манипуляциялар, аккумуляторлы батареялар мен электрониканың сенімсіздігі уккраин операторларының наразылығын тудырды. Сонымен қатар, жеткізілген "Джавлендердің" басым бөлігі ресейлік әскерилердің тікелей нысанасына немесе олжасына айналды.

Тамыздың басына қарай америкалық кезекті техника әлсіз қырынан танылды – Украина Қарулы күштері жеткізілген HIMARS жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйенің жартысын және оларға арналған 200-ден астам зымыраннан айырылды.

Сүйретілетін М-777 гаубицалары ресейлік әскердің оқ атуына төтеп бере алмады. Снарядтардың жақын жерде жарылуы М777 гаубицасын бірден істен шығарып тастады. Бұл әскери техниканы майдан даласында жөндеу мүмкін емес. Тамыздың басына қарай Украина Қарулы күштері АҚШ жолдаған 107 М-777 гаубицаасының 33-інен айырылды. Өткен тәулікте ресейлік артиллерияшылар Днепропетровск облысында тағы екі М-777 гаубицасының көзін жойды.

Немістерге тиесілі 155 миллимтерлі Panzerhaubitze-2000 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы Батыста ең жоғары технологиялық және тиімді артиллериялық жүйе саналады. Жаздың басынан Украина Қарулы күштері шамамен 20 осындай қондырғы алды. Дегенмен, PzH-2000 Донбастағы әскери іс-қимылдың бағытын өзгерте алмады. Ал ресейлік "Коалиция-СВ" артиллериялық қондырғысы автоматтандыру, сенімділігі, дәлдігі мен қашықтығы (80 километрге дейін) бойынша Panzerhaubitze-2000 қондырғысынан әлдеқайда қуатты.

Сол сияқты, барлау мен соққы жасауға арналған Bayraktar TB2 пилотсыз ұшатын техникасы ресейлік зениттік зымыран кешендерінің оңай "олжасына" айналды. Бұл дрондар радарларда анық көзге түсіп, радиолоакциялық жүйелердің сәуле шығаруы оларға еш әсер етпейді.

Le Figaro басылымының Краматорсктағы тілшісі Донбаста "АҚШ немес Еуропа жеткізген Caesar өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы, М-777 гаубицасы немесе HIMARSм реактивті қондырғысының техникалық мүмкіндіктері әлі әлел таппағанын" жазды. Себебі, Батыс Украина Қарулы күштерінің ресейләк әскерилерге қарсы жойқын тойтарыс беруге қауқарсыз екенін түсініп отыр.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.

* * *

Ресей басшысы Владимир Путин армия күштерін 1 млн 902 мыңнан 2 млн 39 мыңға дейін жеткізу туралы жарлыққа қол қойды.

25 тамызда қол қойылған құжатқа сәйкес, әскери қызметкерлер саны 1 млн 13 мыңнан 1 млн 150 мыңға дейін көбейтілуі тиіс.

Жарлық 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне алты айдан асқан шақта және Ресей армиясының Украинада едәуір шығынға ұшырағаны туралы ақпарат жиілеген кезде осындай жарлық жарияланып отыр.

* * *

Ресей Украинаға жүздеген кассеталы бомба лақтырған.

Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері жүздеген кассеталы бомба лақтырған. Бұл жөнінде Cluster Munition Coalition ұйымының кезекті баяндамасында айтылған.

Бұл бомбадан 200 бейбіт тұрғын қайтыс болып, 500-і түрлі жарақат алған.

1 шілдеге қарай Ресей Украинаның он аймағын кассеталы бомбамен соққылаған. Украина армиясы болса кемінде үш рет - Донецк, Харьков және Херсон облыстарында кассеталы бомбамен орыс армиясын атқылаған.

Кассеталы снаряд ұшқан кезде бөлшектерге бөлініп, кең аумаққа таралады. Кейде бұл жарылмай қалып, түскен жерін миналап тастайды. Бұл жергілікті тұрғындар, әсіресе балалар үшін өте қауіпті.

2010 жылдан бері кассеталы оқ-дәрілерге тыйым салу Конвенциясы жұмыс істейді. Бұл келісімге әлемнің 100-ден астам мемлекеті қол қойған. Бірақ олардың арасында Ресей мен Украина жоқ.

Ақпараттар Azattyq Ruhy, Азаттық радиосы басылымдарынан алынды.

26 тамыз 2022, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.