11 наурызда Атырауда мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлайтын, қайта даярлайтын және біліктіліктерін көтеретін APEC Petrotechnic (Atyrau Petroleum Education Center) өңіраралық кәсіби орталығыресми түрде ашылды. Ашылу салтанатынан кейін алғашқы іріктеуден өткен елу шақты студент оқу партасына отырды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» холдингі мұнай-газ саласында білім берудің әлемдік көшбасшыларының бірі Оңтүстік Альбертаның (Канада) SAIT Polytechnic Технологиялар институтымен бірлесіп, ұсынған APEC Petrotechnic орталығы – «Кәсіпқор» холдингінің әлемдік деңгейдегі колледждер желісін дамыту аясындағы алғашқы оқу орны.
- APEC-те 45 жылдан астам уақыттан бері мұнай-газ саласының мамандарын даярлаумен айналысып келе жатқан Оңтүстік Альберто Технология институтымен бірігіп жасалған жаңа білім беру бағдарламалары қолданылатын болады, - дейді «Кәсіпқор» коммерциялық емес АҚ басқарма төрайымы Эльдана САДВАКАСОВА. – Студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, тәжірибелік машықтарға үйренеді. Оқуды аяқтағаннан кейін олар SAIT Polytechnic-тен халықаралық үлгідегі және қазақстандық үлгідегі дипломдар мен сертификаттар алып шығады. Бұл - халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлайтын Қазақстандағы алғашқы оқу орны.
Бүкіл оқу процесі АРЕС орталығында ағылшын тілінде жүргізіледі. Бастапқы кезеңде студенттер жалпы кәсіби пәндер бойынша оқытылады. Бұлар – ағылшын тілі, математика, физика, химия және мұнай-газ ісінің негіздері. Сабақты канадалық оқытушылар оқытады. Олар тек студенттерге ғана емес, уақыт өте оқу процесіне араласатын қазақстандық оқытушылар қатарындағы стажерларға да дәріс береді.
Бір жыл бойына АРЕС студенттерінің үш мамандықтың бірін таңдауға мүмкіндіктері болады. Бұлар: «Мұнай және газ өндіру технологиясы» - бұрғылау және ұңғылауды күрделі жөндеуден бастап, өндірістік процестерді басқару мен мұнай-газ өнімдерін өңдеуге дейінгі мұнай-газ операцияларының бүкіл негізгі аспектілерін қамтитын анағұрлым кең бағдарлама; «Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру технологиясы» - бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану және жөндеу үшін мамандар даярлау; «Кен орындарын пайдалану» - барлау және өндіру жұмыстары үшін мамандар даярлау.
Сабақ тегін оқытылады. Оған қоса студентте рге республикалық бюджеттен 15000 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленетін болады. Басқа жақтан келгендерге жатақханадан орын беріледі.
Садвакасова ханым журналистермен сұхбат кезінде алғашқы іріктелген топта орта мектептердің, колледжер мен жоғарғы оқу орындарының түлектері бар екенін атап өтті:
- Халықаралық деңгейде білім алғысы келетін қос жоғары білімі бар оқушылар бар. Талапкерлердің барлығы қатаң іріктеуден өтті, олардың арасында «кездейсоқ» келгендер жоқ.
Бір қызығы, жоғары деңгейдегі алғашқы оқу орнына тек Қазақстанның батысынан ғана емес, Алматы мен Астанадан келген студенттер де бар екен. Атыраулықтардың үлесі 60 пайызды құрайды. Төрт жыл ішінде орталық толық қуаттылықпен шығуды жоспарлап отыр, бұлар 700студент және мұнай-газ саласының көп сұранысқа ие болған 12мамандығы бойынша оқыту. Келесі іріктеу биылғы жылдың тамыз-қыркүйегінде болады деп күтілуде.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ